Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт береді

Мәдениет
Димаш Құдайберген Астанада екі күн қатарынан концерт береді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тыңдарманына видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар – Астанадағы екінші концертіме билеттер сатылымға шыққанын хабарлаймыз. Концертте кездескенше, баршаңызды жақсы көремін, - деді Қазақстанның халық әртісі жанкүйерлерінің ортасында тұрып.

Артынша Димаштың әлеуметтік желідегі парақшасында жеке ән кешінің ресми хабарландыруы пайда болды.

Достар! Астанада көпшіліктің сұрауы бойынша 14 қыркүйекте «ASTANA ARENA» стадионында өтетін қосымша концертімді ресми түрде хабарлаймын. Билеттер Ticketon.kz сайтында, - делінген жазбада.

Айта кетейік, Димаштың алғашқы концерті 13 қыркүйек күні өтеді. Әнші көрерменнің сұрауы бойынша қосымша кеш өткізу туралы шешім қабылдаған.

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу