«Әліппе» келесі жылы оралады
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде берген брифингте «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отырғанын айтты.
«Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», - деді Ш. Каринова.
Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. "Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», - деді вице-министр.
«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалған екен. Сонымен қатар, Шолпан Каринова жаңа «Әліппені» енгізу мен оқыту кезеңдері туралы айтты
«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалуда. Жұмыс тобындағы барлық ғалымдар мен мұғалімдер тарапынан бұл толық қолдау тапты. Өйткені бұл жүйе оқушылардың біліміне қатысты нағыз талаптарды қамтып отырғандығы, оның ішінде әріптер мен дыбыстардың реттілігі ескеріліп пайдаланылғаны аталып өтті», - деді вице-министр.
"Әліппені» оқытудың үш кезеңі қарастырылған. «Әліппеге» дейінгі кезең, «Әліппе» кезеңі, сондай-ақ «Әліппеден» кейінгі кезең ескерілген. Осының екі кезеңі «Әліппе» оқулығы арқылы іске асырылады. Ал кейінгі кезең мектептерде «Ана тілі» оқулығы бойынша жүргізілетінін айтты Шолпан Каринова.
Бұл тұрғыда ол ата-аналардың ескертулері қаралып, қазіргі дайындалып жатқан оқулықта баланың физилогиялық жас ерекшелігі ескеріліп жазылып жатқанын атап өтті.
«Әліппе» кезеңі өте маңызды, онда әріп, дыбыс пен буындарды үйрету іске асырылады. Бұл кезеңге баса назар аударылған. Одан кейін желтоқсан айында «Әліппемен» қоштасу жүргізілетін, қазіргі принцип те осыған орай жасалады», - деді вице-министр.