457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Байқоңырда қаладағы алғашқы мешіт салынбақ

Байқоңыр қаласында 2000 орындық алғашқы қалалық мешіттің құрылысына дайындық басталды. Жаңа сәулет нысаны - 80 мың халқы қаладағы алғашқы мешіт болмақ.


"Қазақстан Республикасының бастамасы бойынша және қала әкімшілігінің қолдауымен Гагарин көшесінде жаңа сәулет нысанын - мұсылман мешітін орналастыру жобасы әзірленді", - делінген Байқоңыр қаласының Ресей әкімшілігі таратқан хабарламада.
 

Мешіт құрылысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қолдауымен және жеке тұлғаның қаражаты есебінен жүргізіледі.
 

Жауаптылар құрылыс 2022 жылға дейін аяқталатынын айтқан. Сондай-ақ, әкімшілік хабарламасында жаңа құрылысты бастамас бұрын қала құрылысы жоспары мен Байқоңыр қаласына қатысты жерді қолдану мен құрылыс ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізілетіні айтылған. Қазіргі уақытта осы құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

 

photo: vlast.kz