freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жер телімін жекешелендірудің жасампаз тәсілі

Қоғам
Жер телімін жекешелендірудің жасампаз тәсілі
Ашық дереккөзден

Бұдан былай жер учаскеcінің мемлекеттік актілері онлайн тәсілде ғана берілетін болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол үшін сұраныс берушінің электронды цифрлық қолтаңбасы болуы міндетті. Яғни, мемлекеттік актіні рәсімдеуге өтінім eGov.kz порталы арқылы жолданады. Аталған айтулы жаңалықты "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ растап отыр.

"Осы кезге дейін жер учаскесіне мемлекеттік акт алу үшін азаматтар ХҚКО-ға баруы тиіс еді. Ендігі жерде мұндай қажеттілік іс жүзінде жойылды. Қызмет көрсету үдерісі толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Енді eGov.kz порталында өтінім беріп, дайын құжатты жеке кабинеттен алу жеткілікті", – деп мәлімдеді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Айта кетелік, елімізде бұдан бөлек те қызмет көрсетудің көп түрі электронды нұсқаға көшірілген. Мемлекеттік саясаттың цифрлық саладағы басымдығы өз жемісін беріп келеді. Мысалы, қолданушылар көңілінен шыққан онлайн қызметтер қатарында жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт пен оның телнұсқасын беру, ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігі бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу