freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

Мәдениет •
Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде башқұрттың Ay Yola тобының Homay әні тарап жатыр. Бұл ән бір күнде хитке айналып, қазақстандықтардың көңілінен шықты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Homay әнінің атауы мифтік Хомай құсымен байланысты. Ол – ежелгі башқұрт эпосы "Урал-Батыр" шығармасындағы әйел-құс кейпіндегі мифологиялық тіршілік иесі.

Топ мүшелері қазақстандықтардың ықыласына ерекше тәнті болып, әлеуметтік желіде тыңдармандарына алғысын білдірді.

"Қазақстан, қолдауларыңызға рақмет. Арнайы сіздер үшін осы видеоны жасадық", – деп жазды музыканттар. Бұған қоса, олар видеоға әннің қазақ тіліне аударылған мәтінін қосқан.

"Тамырым сұрайды,
Жаным мен қаным сұрайды,
Ежелгі тарихи жадым сұрайды,
Хумай деген кім өзі?

Анасы – Күн нұры,
Тіршілік суына шомылдырған.
Әкесі – Самрау,
Оны мейірімге баулыған."

Самрау – башқұрт мифологиясында жоғарғы әлемнің патшасы, киелі құс.

Фото: Видеодан алынған кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу