«Бір нәрсені есіңде ұста!». Бекболат Тілеухан Мағауиннің аманатына адал болды ма?

"Бергенін еселеп елге қайтармасаң құдай төбеңнен ұрады" депті Мағауин.

Malim Админ

  • 14.01.2025

Жазушы Мұхтар Мағауин жайында естеліктер айтылып, әр түрлі пікір жазылып жатыр. Ғалым түгендеген жыраулар жырын әуенге түсіріп, елге жеткізген Бекболат Тілеухан да қаламгер туралы жазба жариялады деп хабарлайды Malim.kz. 


«Мағауин болмаса біз жоқпыз!» деп аталатын жазбасында Бекболат Тілеухан күрес жазушы өмірінің мәніне айналғанын айтады.  Берері жойқын, безері де жетерлік екенін еске салады. Жойдасыз қабілет иесі деп бағалайды.

 

Қияндағы қыстауды” менің буынымдағы кітапқа жақын қазақтың оқымағаны кемде кем. “Тазының өліміне” тәнті боп жүргенде Мағауиннің қадірін Ерік Асқаров, Таласбек Әсемқұлов, Тұрсынжан Шапай, Ғалым Доскендердің тамсануымен таныдым. Одан соң “Бес ғасыр жырлайды” мүлдем есімізді алды. Бір анық жәйт — Мағауин болмаса біз жоқпыз. Әнші емес, жыршы ретімді айтам. Күйді жырға телудің жалғасуы, қобызбен жырлау, қалыс бұрау, тамырлас елдердің дәстүрлі мұрасына үңілу бәрі-бәріне себеп боп қамшылаған Мұхтар Мағауин еді,-дейді жазба авторы.   

Бекболат Тілеухан Мағауинмен тұңғыш сапарлас болған кезін еске алған.  Шет ауданының 60 жылдығында өнер көрсеткен әнші сол кезде  жазушының өзін қалай бағалағанын жазады.  Оған аманат сөзін, ақыл-кеңесін де нықтап тұрып жеткізген.     

 ...Сахнаға шығатын кезегім келді. Тілеуімді ел де, өзім де тілеп жүрген шақ. Әнге сусап отырған ауылым айрықша қабылдады. Терге шомып отырып екі әннің орнына 7-8 ән кетті. Қошамет. Овация. Қосшы баласының өнеріне риза боп Мұхтар ағам да құттықтады...    

...Айтқаны: “Әй, бала! Әншілігің әжептәуір екен. Әмбе зердесіз де емессің. Политехта оқыпсың. Зеректігің де болса керек. Қысқасы, талантты баласың! Бірақ, бір нәрсені есіңде ұста. Сен осындай дарынды болғаның үшін сіңірген зәредей еңбегің, титтей үлесің , жасаған жұмысың жоқ. Солай тудың. Алла солай жаратты. Болды. Енді осы құдайдың бергенін еселеп елге қайтармасаң құдай төбеңнен ұрады. Ішіп кетесің бе, берекең жоғала ма. Оңбайсың!”

Қамқорсығаныңыз ба, ұрысқаныңыз ба, мазағыңыз ба дегендей жасқана қарағанымда “ана ағаң құсап үкіңді желпілдетіп қыз қуып қызық қуып арақ ішіп, ана ағаң құсап әлділерді жағалап ән салып жүрме. Дауысың қарлыққан күні қараңды батырасың. Қыруар қазына бар қазақтың қолына жетпеген. Жеткіз! Тап сен жеткізе аласың,- дейді Б.Тілеухан.  

Бекболат жазбасында Мағауиннің тілекші болғанын, үйлену тойын ашып бергенін, “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығына “Жұлдыздан” ұсынғанын айтады.  Сөз соңында жазушының өз елінде жерленгені дұрыс еді деген ойын да жасырып қалмаған.  «Қалаулысын қимай қабырғасы қайысқан жұрт Алатаудың баурайына сыймай Кеңсайға қарай шеру тартып бара жатса деген арман сығалайды. Бұл жолы тағы “Мағауинше” қиыс тартты. Жердің бәрі Алланыкы. Алладан келгенбіз, Аллаға қайтушымыз!,- дейді ол.  

Фото: видеодан скриншот  

Байланысты жаналықтар

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

09.04.2025

Homay әнімен танылған башқұрттың Ay Yola тобы туралы не белгілі?

26.03.2025

Самұрық қанатындағы сарын

26.03.2025

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

24.03.2025

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда бірінші орынға шықты

02.02.2025

Мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салу керек – Саят Медеуов

21.01.2025
MalimBlocks
Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын жеткізді

Өнер иесінің туындысы Еуропа тыңдарманының көңілінен шыққан.

Homay әнімен танылған башқұрттың Ay Yola тобы туралы не белгілі?

Әп-сәтте хитке айналған Ay Yola тобының тарихы қандай? Топ қашан құрылды? Жаңа альбомға қандай аңыз арқау болды? Malim.kz тілшісі шолу жасады. 

Самұрық қанатындағы сарын

Бұл әннің мағынасы қандай? Оның тез таралуына не әсер етті?

Бір күнде хитке айналған башқұрттың Homay әні туралы не белгілі?

Әлеуметтік желіде башқұрттың Ay Yola тобының Homay әні тарап жатыр. Бұл ән бір күнде хитке айналып, қазақстандықтардың көңілінен шықты

Димаш Құдайбергеннің әні америкалық чарттарда бірінші орынға шықты

30 қаңтарда Smoke трегі америкалық чарттарда алдыңғы қатарға шықты. iTunes Top 100 қосымшасында ән 32-орында тұр.

Мәдениетті құртып жатқан әншісымақтарға айыппұл салу керек – Саят Медеуов

Әншінің пікірінше, қазіргі таңда сахна деңгейі төмендеп, өнер сапасы құлдырап жатыр