Министрлік «EL ARNA» телеарнасын жауып, «Хабармен» біріктіреді

Сабина Асқарқызы

  • 11.03.2025

«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

 Бұл қадам, ең алдымен, отандық телекомпаниялардың жұмыс тиімділігін арттыруға және қазақстандық контент аудиториясын кеңейтуге бағытталған, -дейді Аида Балаева.

«EL ARNA» және «Хабар» телеарналарын біріктіру 2025 жылдың 1 мамырына дейін аяқталады. «EL ARNA»-ның барлық құнды контенті «Хабар» арнасының эфиріне өтеді. Балаева бұл үздік жобалардың сақталуына, оларды кең аудиторияға қолжетімді етуге және одан әрі дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

«EL ARNA» телеарнасы отандық көркем және деректі фильмдер, сериалдар, сондай-ақ мәдени-ағартушылық бағдарламалар көрсетілетін платформа ретінде маңызды миссия атқарды. Біз бұл арнаның ұлттық кинематография мен телевизияның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Мәдениет және ақпарат министрлігі «EL ARNA» телеарнасының ұжымына көпжылдық еңбектері, кәсібилік пен отандық медиа кеңістікті дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғыс білдіреді. Қайта ұйымдастыру процесі барысында барлық қызметкерлер «Хабар» агенттігіне жұмысқа орналастырылады. Жалақы деңгейі сақталып, олардың тәжірибесі мен білімі жаңа жобаларда сұранысқа ие болады, – дейді министр. 

«EL ARNA» телеарнасының бағдарламаларын өндіру және таратуға бөлінген қаржы «24KZ» және «Хабар» сияқты стратегиялық маңызды телеарналардың контентін күшейтуге және техникалық базасын уақтылы жаңартуға қайта бөлінеді.

«EL ARNA» телеарнасы 2000 жылы «Хабар-2» атауымен құрылды. 2002 жылы атауы «EL ARNA» болып өзгертілді. 2014 жылдың наурызында арна жиілігінде «24KZ» жаңалықтар телеарнасы іске қосылды. Теларна 2017 жылы отандық киноарна, 2024 жылдан бастап жастарға арналған ойын-сауық арнасы ретінде қайта құрылымдалды.

Фото: elarna.kz

Байланысты жаналықтар

Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

12.05.2025

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

24.04.2025

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

24.04.2025

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

26.03.2025

Аида Балаева: Қазақстан гендерлік саясатты қолдайды

06.02.2025

Қазақстан ЮНЕСКО аясында мәдени мұрасын қалай қорғап келеді?

01.12.2024
MalimBlocks
Аида Балаева: Репродуктивті денсаулықты басты құндылыққа айналдырайық!

2025 жылғы 12–16 мамыр аралығында елімізде Репродуктивті денсаулық апталығы өтеді

Димаштан басқа Қазақстанды әлемге кім танытады? Министрдің жауабы

Министрдің айтуынша, ол – жас опера әншісі Айгерім Алтынбек

Дженнифер Лопестің концертіне балаларыммен бірге барамын - министр Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне балаларымен бірге баратынын айтты

Қазақфильмді режиссер немесе актер емес, кәсіби менеджер басқаруға тиіс - Балаева

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильм» киностудиясына қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді

Аида Балаева: Қазақстан гендерлік саясатты қолдайды

Қазақстан ЮНЕСКО аясында мәдени мұрасын қалай қорғап келеді?

Бүгінде осы бағытта арнайы жұмыс топтары құрылған