Imanbek-тің АҚШ-тағы концертіне 100 мың тыңдарман жиналды

Imanbek лақапатымен танымал қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов АҚШ-та өнер көрсетіп жүр.

Сұлу Бөлек

  • 21.03.2025

Imanbek лақапатымен танымал қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов АҚШ-та өнер көрсетіп жүр. Бұл турды әлемдегі ең ірі дыбыс жазу компанияларының бірі ұйымдастырған, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Өнер иесінің алдағы концерт Денвер қаласында өтеді. Музыканттың әлемдік турын ұйымдастырып отырған лейбл оның жетістігі кездейсоқ емес екенін атап өтті – Иманбек өзін EDM-индустриясының негізгі артистерінің бірі ретінде дәлелдей алды.

Қазақстандық музыканттың мансабындағы серпіліс 2019 жылы болды. Америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses трегіне жасаған ремиксі жаһандық чарттарда алға шығып, Billboard Hot 100 рейтингінің үздік бестігіне енді. Ол тіпті төртінші орынға дейін көтеріліп, Шығыс Еуропа музыканттары үшін тарихи жетістікке қол жеткізді. Кейін Иманбек «Үздік ремикстелген жазба» номинациясы бойынша Грэмми сыйлығын алған алғашқы қазақстандық атанды.

Бүгінде Иманбек – электрон музыкадағы ең танымал әртістердің бірі. Оның тректері 100 миллион тыңдалым жинап, әлемдік жұлдыздармен өнер көрсетеді. Әр жылдары ол Usher, Tory Lanez, Marshmello, Don Diablo, Afrojack, Martin Jansen, Zara Larsson, Trevor Daniel, Goodboys, Fetty Wap, сондай-ақ атышулы Roses Remix-тің латынша нұсқасын орындаған J Balvin сынды өнерпаздармен жұмыс істеді.

Әлемдік танымалдылығына қарамастан, музыкант өз отанына деген махаббатын ерекше атап өтеді. Концерттерінде Қазақстанның туын көтеріп шығады. Тағы бір қызық дерек – ол сахнаға бетперде тағпп шығып, өз бейнесіне деген қызығушылықты арттыра түседі.

Фото: instagram.com/imanbekmusic

Байланысты жаналықтар

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

14.05.2025

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025
MalimBlocks
АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Қазақ жігіт АҚШ прокуратурасында жұмыс істеп жүр

Ол АҚШ-тың Иллинойс штаты, Чикаго қаласында прокурор көмекшісі қызметін атқарады

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті