Ояныңдар, қалмақтар

Қалмақ әншісі Дмитрий ШАРАЕВТЫҢ әні қарсылық ұранына айналыпты. Әннің аты «Сертн,сергцхэтн,халимгуд». (Ояныңдар, тіріліңдер, қалмақтар) Әнші 2015 жылы жазған бұл әнін кең тарап кетеді деп ойламапты.
«Бұл туыдым әнұранға айналсын деген мақсат болған жоқ. Өз ойымды, қоғамдағы жағдайды әнге айналдырдым. Әнде революцияға, төңкеріске үндейтін бірауыз сөз жоқ. Менің қарсылығым ұлтсыздыққа. Қазір бізде жұрт ана тілін білуден қалды. Адамдар жоғарғы білімді. Бірақ ана тілінде (қалмақ) бір-екі сөз үйрене алмайды», - депті әнші КАЛМЫКИЯ online сайтына берген сұхбатында.
Шараев қазір қалмақ тілі ешкімге керексіз болып қалды деседе болады дейді. Тек тұрмыста қолданады. Және қойшылардың тіліне айналғанын айтады.
«Ауылды жерде мал шаруашылығымен айналысатын қалмақтарға ғана ана тіліміз керек. Мен қой шаруашылығымен айналысамын. Шабандармен қалмақша сөйлесеміз. Ана тілімді бала күнімнен жақсы білемін. Қарттардың ескі әңгімелерін тыңдауға әуес болатынмын», - дейді әнші.
2020 жылдың 1 қаңтардағы есебі бойынша Калмыкияда 271 135 мың адам тұрады. Мемлекеттік тіл орыс және қалмақ тілі. Қалмақтар Ресей Федерациясындағы демографиялық ретингте 72 орында. Ресми дерек бойынша үш жылда халық саны 2,21 пайызға азайған. Калмыкияда орыстар, қазақтар, шешендер, түріктер, корейлер, аварлар, дағарлар мен украиндер де тұрады. Жыл сайын орыс ұлты өкілдерінің саны артып келеді.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді
28 қараша күні Ұлттық кітапханада «Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың әр данасы – 1000 тиражбен шыққан. Аталған баспаның құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек 35 мың дана кітапты басып шығаруға ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалған жоқ дейді.