Қазақстанда қанша адам ұлттық спортпен шұғылданады
Бүгін Наурызнама онкүндігінің күнтізбесі бойынша Ұлттық спорт түрлерінің күні. Осыған орай Туризм және спорт министрлігі ұлттық спортпен айналысатындар статистикасын шығарды.
Министрлік мәліметінше, елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келе жатқаны байқалады.
«2022 жылы ел бойынша Ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде шұғылданатындар саны 584,1 мың адамды құраса, 2023 жылғы көрсеткіш 619,2 мың адамға дейін өскен. Сәйкесінше, секцияларда дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 8,7% құраған», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, қазіргі таңда Ұлттық спорт бойынша 1488 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде 928 бапкер ауылдық жерлерде еңбек етеді.
Бүгінде республика бойынша 12 спорт клубы және Ұлттық спорт түрлері бойынша 13 спорт мектебі бар.
ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН