Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурызнама онкүндігі: бүгін - Ұлттық спорт күні

Мәдениет
Наурызнама онкүндігі: бүгін - Ұлттық спорт күні

Наурызнама күндізбесіне сәйкес, бүгін - Ұлттық спорт күні. Бұл күнді Астана мен Алматы халқы қалай тойлайды?

20 наурызда Астанада Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Мәдениет басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлерінің арасында тоғызқұмалақтан турнир өтеді. Ал Арғымақ кешенінде сағат 10:00-15:00 аралығында ұлттық спорт түрлерінен (аударыспақ, тенге ілу, қыз қуу, көкпар, жамбы ату, асық ату, тоғызқұмалақ) жарыс ұйымдастырылады.

Ал Алматыда мектептер мен ЖОО-да  ұлттық спорт түрлері бойынша спорттық іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ, оқушылар үйінде  тоғызқұмалақтан сайыс ұйымдастырылады.

Наурыз мерекесіне арналған суретшілер мен мүсіншілердің тақырыптық көрмесі Алматы галереясында жоспарланған. 

Айта кетейік, биылдан бастап елімізде Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Осыған орай 14-23 наурыз аралығында өтетін Наурызнама онкүндігі жарияланды. Бағдарламаны мына жерден көре аласыздар.

 

ФОТО: Астана қаласының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу