Қойгелдиев лекциясы. Мұстафа Шоқайдың сүйегін әкелуге қарсы зиялылар бар

"Әуезов үйінде" дәстүрлі түрде өтіп тұратын "Халық университетінің дәрістерінде" қонақ болған тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің лекциясының жалғасын ұсынамыз.

  • 29.04.2022

К.Матыжанов: Сіз еліміздегі беделді тарихшысыз. Жалпы, тарих ғылымының насихатталуы, оқытылуы, халыққа түсіндірілуі қай деңгейде?

Мәмбет Қойгелдиев: Бұл қиын мәселе. 10-11 кластардың оқулықтарын жазуға қатыстым, сонда байқағаным: бізде оқулық жазу ісіне мемлекеттік қатынас нашар. Мойындауға тура келеді. Ат үсті қарайды. Тәжірибе жоқ. Кім көрінгенге жүктеу бар.

Аудиториядан қойылған сұрақ: Жеке өзіңізге алаш тарихын зерттеу жолында кедергілер мен қарсылықтар болды ма?

Мәмбет Қойгелдиев: 1989 жылдан бастап, алаш қайраткерлерін ақтау процесі басталды. Маған осы алаш қайраткерлеріне байланысты анықтама дайындау міндеттелді. Соған қатыстым. Аға ғылыми қызметкер ретінде. Генерал-губернатордың жабық қорын ашуға байланысты командировкаға жіберді. Алғаш сол қорды ашып қараған мен едім. Орталық комитеттің «Тарих институты» тарапынан берілген тапсырма алаш қайраткерлерін ақтауға байланысты құжаттар тауып келу. Алып келдім. Процесс басталды, ақтау комиссиясының төрағасы болып, Ақмола облысының партия комитетінің бірінші хатшысы Браун деген кісі бекітілді. Неміс азаматы. Орталық комитеттің отырысына Т.Омарбеков екеуіміз қатысып жүрдік. Ә.Бөкейханов мәселесін алты бет қағазға өзім жазып апардым. Бәрі үнсіз. Сонда отырған екі академик М.Қозыбаев, Ж.Әбділдин еді. Комиссия мүшелері. Манаш аға – мықты тұлға болатын. Шешен кісі. Мықты тарихшы. Жұрт М.Қозыбаевқа қарайды ғой.

Оқи отырыңыз: Қойгелдиев лекциясы. Мұқанов пен Мүсіреповтің Әуезовке жасаған қиянаты – тарихи факт!

Манаш аға былай деді: Ә.Бөкейхановқа әлі ертерек, ол Алашорда үкіметінің төрағасы ретінде жарлық шығарған. Коммунист қазақтарды сотсыз, тергеусіз атыңдар деген қаулы берген. Бұл тарихи шындық! Ол кезде, Азамат соғысы жағдайында бұл қалыпты нәрсе. Ол күрес, соғыс – жасырынбақ емес. Жағдай солай еді. Сол уақта шыққан жарлық. 1989 жылы әлі де коммунистік партия күшінде тұрған кездегі М.Қозыбаевтың бұл сөзін түсінуіміз керек. Ж.Әбділдин де оны қолдады. Ал Браун айтты: қарауға болар еді деп. Ақыры, қарамады. Тысқа шыққанда Браунмен кездесіп қалдық, ол маған: алаң болма, қараймыз, уақыт келеді деді.

Жақында Қ.Тоқаевтың репрессия құрбандарын толық ақтауға байланысты жарлығы шықты. Мелекеттік комиссия құрылды. Мен де мүшесімін. Анықтама жаздым: «О деятельности А.Букейханова, М.Шокая» деген. Мәселені қарайық. Бөкейхановты ақтасақ, бүкіл алаштықтар ақталады. Ол – Алашорданың, алаш партиясының төрағасы, бас көсемі. Ал М.Шоқай эмиграцияға кетті. Оны совет үкіметі атқан жоқ. Ондай әрекеттер жасай алмады. Бірақ, шет елде совет үкіметімен жалғыз күресті, он жыл бойы «Жас Түркістан» журналын шығарды. Оның идеясымен байланысы бар деп мыңдаған адам атылды. Соларды ақтау үшін М.Шоқайды ақтауымыз керек.  Күресінің әділетті екенін дәлелдеуге тиіспіз. Мысалы, Т.Рысқұловты, С.Қожановты Шоқаймен байланысың бар деп айыптаған. Бұл мәселе осы уаққа дейін қаралған жоқ. Комиссияға «Алаш қозғалысы» деген анықтама бердім. Олар туралы құжат қабылдансын дедім. Үш мәселе қойылды. Біріншісі, «Алаш қозғалысы» – қазақ ұлт-азаттық қозғалысы екендігі; екіншіден, ол қозғалысқа қатысқандар – ұлт қаһармандары екендігі; үшіншіден, Алашорда үкіметі – қазақ мемлкеттілігі екендігі. Бүгінгі Қазақстан оның мұрагері ретінде айтылуы және мойындалуы керек. Бұл мәселе қаралады деген үмітім бар. Кезінде президентке хат жазғам. Онда М.Шоқай мен Мария Шоқайдың сүйегін әкеп, Түркістанға жерлеу туралы. Президент Мелекеттік хатшыға тапсырма берді, комиссия құрылды, мен мүшесі болдым. Сол комиссияның отырысында маған негіздемелеріңді бер деді. Мен бердім...

Бізде мемлекет қайраткерлерінің зираты жоқ. Азаматтардың, жас саясаткерлердің шағымын айтып, жылайтын жері болуы керек қой! Өкінішке орай, біздің зиялылардың көбі қарсы шықты, олардың тізімі менде бар. Дауысқа салдық, тағы да басым бөлігі қарсы болды. Олардың ойынша, қазақ қоғамы М.Шоқайдың сүйегін алып келуге даяр емес екен, әлі пісіп-жетілмеппіз. Сен қара, Ресей не дейді?! Ойбай-ау, олар не айтпайды, біз елміз, елдің рухын оятатын әрекеттер істеуіміз керек қой! Жалтақтай бергенше, Тәуелсіз мемлекет ретінде іс істейік те! Жас ұрпақтың санасына ой салатын жұмыс жасалу керек емес пе!

Оқи отырыңыз: Қойгелдиев лекциясы. Ағартушылық Абайдан емес, Алаштан басталады

К.Матыжанов: «Алаш қозғалысы» – ұлт-азаттық күрес дедіңіз. Ұлт-азаттық күрес дегеніміз – отаршылдыққа қарсы тәуелсіздік жолындағы күрес. Күндердің күнінде патшалық Ресейдің идеясын бүкіл Орта Азияны жаулап алу мақсаты ретінде қарастыруға бола ма?

Мәмбет Қойгелдиев: Жаңағы інім, тарих факультетінің студенті ғой деймін. Сұрағы орынды. Қарсылық көп болды. Алаш қозғалысын зерттеу жолында. Міне, осындай жастар тарихты жазу керек. Біз бұларға қолдау жасап, жол ашуымыз керек. Біздің тағдырымыз – осылар! Біздің парызымыз – осы! Біз күрескер халық бола алмай жатырмыз. Біз жеңілген халықпыз! Жеңілген ұлт ретінде қарсы көтерілу бізде жоқ. Күрескерлік керек!

К.Матыжанов: Жеңілгендер – жетім, жеңістің – әке-шешесі көп деген сөз бар ғой.

Мәмбет Қойгелдиев: Жеңіске жету үшін жеңілісті мойындау керек! Мен жастарға сенем! Ұлтты қалыптастыратын үкімет. Үкіметтің ұстанымы дұрыс болуы тиіс. Үкіметке қарап ұлт, халқына қарап мемлекет түзелсін! Екі жақты мәселе осы.

Кубаның лидері Хосе Марти: бізге антикалық мәдениеттен гөрі Куба қымбат. Әрбір кубалық адам Отанының тарихын, проблемасын білуі шарт, ал оны білмейтін адам билікке жіберілмесін деген. Бізде осы талап күн тәртібіне қойылуы керек. Кейбір министрлермен сөйлесіп қалсаң, қарның ашады!..

К.Матыжанов: Сізге үлкен рахмет! Осымен екі сағатқа созылған дәрісімізді аяқтаймыз!             

«Әуезов үйі» ҒМО-ның конференция

залында 15 сәуірде өткен дәрісті

қағазға түсірген Е.Қаныкейұлы

Байланысты жаналықтар

Ерлан Қарин: Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары - идеологияның маңызды бағыты

23.10.2024

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

23.10.2024

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

22.10.2024

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024
MalimBlocks
Ерлан Қарин: Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары - идеологияның маңызды бағыты

Президенттің Атыраудағы отырыста айтқан идеологиялық тезистері нақты қадамдар мен бастамалар арқылы жүзеге асырылып жатыр

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

В Шымкенте открыли четыре Дома культуры ко Дню Республики

Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды