Шымкент колледждері нарыққа қажетті жаңа мамандықтарды оқытпақ
Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, еңбек нарығына қажетті маман дайындау үшін 5 колледж заманауи материалдық-техникалық базамен жабдықталмақ. «Жас маман» атты жобамен іске аспақ бұл бастамаға керекті қаражат қаралып та қойған.
Сондай-ақ, индустриалды техникалық колледж, политехникалық колледж, энергетика және байланыс колледжі, тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі мен М.Өтебаев ат. жоғарғы жаңа технологиялар колледждеріне туризм, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, үй жағдайында бала күтуші, іт мамандықтарына лицензиялар алынып жатыр екен. Білім алушылардың дуальды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелуі үшін әлеуметтік серіктестермен келісімшарттар қарастырылмақ.
«Жас маман» бағдарламасының осындай жаңалықтары бұған дейін №6 «жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінде енгізілген болатын
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

«Абай» баспасынан шыққан 35 кітаптың тұсауы кесілді
28 қараша күні Ұлттық кітапханада «Абай» баспасы шығарған 35 кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың әр данасы – 1000 тиражбен шыққан. Аталған баспаның құрылтайшысы әрі директоры Ақберен Елгезек 35 мың дана кітапты басып шығаруға ешқандай мемлекет қаржысы жұмсалған жоқ дейді.