Теріс қараған ғайып – «он бір қара жұмбақ»

Құрсақтың құрылымы осы аспан «жатысы» секілді күрделі

Malim Админ

  • 28.04.2024

Миниатюралық долбар

Теңгір ғайып

Төбеңдегі кеңістік, көзіңдегі теңігір – атмосфера. Қалың қабаты шамамен 150 шақырымға жуық ауаның буынан тұратын бу жүйесі. Қара өлеңде: «...аспанда мың жұлдыз бар Айдан жарық...» дейтін ұлы ұғым. Ай мен Күн теңгірдің сан мыңғыр (миллион), дүйім діңгір жұлдыздың жүйі. Сал бурыл абыз тінді аспан Теңгірі туралы ұғымда мың көз жанары туралы айтылады да: сондағы «бажырақ» (бозшуақ) сөзі бүгінге дейін бізде жақсы сақталған. «...Мен саған, сен маған тиіспе – бадырақ көз...» немесе «көзіңнен айналайын бажырайған...» деп келетін қара өлеңдегі керім сүгірет. Жай, жасын, нажағай сықылды ауыспалы теңгірлері жайында телегейлер өз алдына. Қара өлеңдегі – «аспанда үркер алтау, Шолпан жалғыз...» дейтін тек қана Шолпан, Үркер, Шабансары, Есекқырған, Жетіқарақшы, Темірқазық жұлдыздары туралы бірер қабат сыңай әуездерден де көптеген ойлар түюге болады. Жұлдызнамадағы 12 шоқ жұлдыздар: тоқты, торпақ, егіздер, шаян, арыстан, бикеш, мизам (таразы), сарышаян, мерген, тауешкі, суқұйғыш, балықтар-дың түгелі баға жетпес құнды ұғымдардың бізге жеткен түрлері ғана. Тоқты-торпақ – Күн райы қайтқан қаймақты сәуірге, Егіздер мен шаян – мамыр, маусым, қырық күн шілде арасындағы майсаң шақ, Арыстан – тамыздың таң раңы жамбасқа ауған серке сейіл семіз шақ, Бикеш – дүйім дүниенің соңғы өтпелі құлпыруы – қыркүйектің жалқын шағы һәм жапырағы алтынданған жалқын күз мезетіне келетін сәттің басы. Таразы – қазан толған ай, Сарышаян – ызғырықты зілді қараша, Мерген – қарлы бұрқақты, дауылды желді күмісті зіміс, Тауешкі – аязды қаңтар, Суқұйғыш – ақпанның алакемер бұлтты бұқпабел қысаң, ең шатақ ақыр айы. Балықтар – қомағай қараөзек шақ... Қаза берсең бәрі сөйлей жөнелетін теңгірдің нышандары.

Адамзат пайда болғалы 1 млн жыл. Жер жаратылысы 13.17 млрд жыл. Қара құрдым (black hole) мен ақ құрдымның аузында пайда болған 200 млрд галактиканың Андромеда секілді шөкім шоқжұлдыздары ғана құс жолының айналасынан біздің көзге көрінеді. Ғарыш тегершігіндегі төменгі және жоғарғы уақыттардың аясындағы ең аяулы галактикада біз жұлдыздармен қатар тұрамыз.

Сана ғайып

Шет жағалап айтқанда бұның бәрі теңгірге қатысты хаостық ұғымдар. Құс жолы – (саманиолы) деген аспан жолын – көне жазбаларда сан мың жұлдыздар тұрағы «Тәңір жары» (Теңгір жолы) деп те атайды. Ай мен жұлдыздың тоғысуларына қатысты қара өлеңде – «Ай мен жұлдыз аспанда жуық дейді...» деген тамаша хабарлар береді. Адамзаттың сыртын бүркеген жеті қабат аура арасынан сананың ғайыбы (қабығы) осы денеде тұрады-мыс. «Тәңір жар болсын» деген ұмай ұлағат та содан. Біздегі теңгірдің – «жатысы» осы. (Сары дін, пұттағы – «жатака» ұғымын кейінірек дербес тілге тиек етеміз бұйырса – РС.) Құрсақтың құрылымы осы аспан «жатысы» секілді күрделі жүй. Құрсақты – «жатыр», ойды – «жады» дейтін қазақ кебі де бар. Ұмай мен жұмақ арасындағы сана пайымы. «Ұм» және «Ай» немесе миға дейінгі астралды (astra) өмір... Адамдағы физикалық бітім мен  астралды (astra) жұлдызды жан болатыны туралы ілім. Көздің ішіндегі өңнің өзі жұлдыз шуағынан. Маңдайдағы екі көздің ішіндегі үш бұрыш метекескін – күннің үзік жұғынын сөндірмей сақтайтын құбылыс. Бідің бүткіл өміріміз – көздің ішінде жазулы. «Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы...» деп ұлы Қасым ақын жырлаған көздің ми екенін түсінбей жүрміз бе!?

Көзіміз көбінесее көк тәңірінің түсін тергейді де кейде «қара теңгір» деп атайды. Мақамда яки тәмсіл мен тәнікте – «қара аспанды төндіріп...» деп немесе «қара басқыр» деп қарғыс-сіле айта беретіні де ертедегі бітеу гәп. Ал, «қарқара» құс атауы да көне санскртиттік веда-лар ілімінде «құс патшасы – қарқара» делінеді. «Қарқарадай қара құс – хан басына қонған құс...» пайымы ұшан-теңіз жүз түмен миф. Біздің эрамыздан бұрын (б.э.б) көне қытайда жұлдыз санайтын әрекет, ежелгі гректерде Аристотель, қазақ даласындағы үштаған үйілген тастарда мөрленген қазақтық санадағы «ым» мен «құм» – өмір мен өлім.

Жеткір ғайып

Керей қазақтарында «әкең жеткір» деген боқауыз ебдейсіз жаргон боқтау бар. «Жеткір» сөзі (jеtkir) – чөткір-сайтан деген бір теңгірдің атауы. Жапонның мифологиясындағы каппаның аңызы – құр бақа секілді құбыжықтардың елесімен жазбаларда сақталған. Моңғолдың говь (қобы) шөлейтінде кездесетін  «кісі кесіртке» секілді тағы да жәндік бірдеңе! Пұттық ілімдегі реикарнациялық (reincarnatio) түсінімдердің түбіне жету мүмкін емес әрі бүгінгі әңгімеге оншама қажеті де шамалы. Жан трансмиграциясына  туралы діни ұғымдар да солай қисапсыз аңыздарға толы...

Алексей Константинович Толстойдың (1817-1875) 1841 жылы жазылған «Упырь» повестінің («Обыр» деп аударуға болуы мүмкін – РС.) сюжеттеріндегі түрлі кріністер  және «Вурдалактің отбасы» немесе ібіліс, жеткір қансорғыш вампир туралы жазғаны бір ғайып! Жаратылыстың жартысын жасаушы жаратушының «жақын інісі» болған аңыздағы – жеткір осы. Н.В.Гогольдің сайтанмен майданы ең ерек тағылым. Ұлы жазушының ең тағдыры елес пен нақ сананың аражігіндегі өзі «тірі өлік» еткенін тағы да бір шолып шығуға болады. Елестер мен қорыққанда, торыққанда көзге көрінетін кейбір тылсымдықты («қорыққанға қос көрінеді» делінетін – РС.) елбескі, ілескі, елбекей, албасты, марту, жеткір, ілбиген т.с.с. санқилы мифологиялық  атаулардың санадағы сарытап болған типологиялық құбыжық бейнелі ұсқындарды аңыз әпсаналардан оқып, ептеп білетін секілдіміз. Бұл енді ескірген әңгіме, керегі де шамалы.

Жаңбыр ғайып

Геоморфологоиялық тұжырымдар бойынша қыртыс бедерлері геосананы қатты қызықтырады. Ландшафтық сфералардың мұздақтарында соңғы триас кезеңі шамамен 10.000 – 11.500 млн (мыңғыр) жыл бұрынғы уақытты меңзейді. Мұздақ дәуірінің ызғарлы, ылғалды кезеңдерінің барлық жалғасы осы ылғал беретін ғайыпи мөлдір жаңбырлар. Жаңбырлар плейстоцені (рleistocene) жас шамасы жағынан 2.580.000 жыл бұрынғы дәуір. Топырақ және өсімдіктің тірілу, жаралу дәуірінен кейінгі жімілеғұмыр осы қасиетті тамшы, тұщы ылғал. Метеорология ғылымынан бұрнағы көшпелі қауым –  хормуста-теңгіріге көбірек сенгенге ұқсайды.Қазақта «жаңбыр, жаңбыр жау, жау, көк биені сау, сау...» дейтін жаңбырға жалбарынатын ырым дар бар.  Көшпелілердің ұлы қолбасшысы  Шыңғысхан Қарақорым мен Орхон сағасындағы кең алқаптың құдыретті жайлылығын теңгір тұтқаны да хаһи.

Тау ғайып

Қазақта биіктік пен тереңдіктің өлшемі бар. Көне қытайша зау таудың биіктігін – «Гау ду», судың теңдік шүңетін – «Шын ду» деп атайды дейік. Ендеше шүңет (shungut) теңгірі тереңдіктің белгісі. Бұл – теңгір ғайыпы. Геологиялық кестедегі 570-225 млн жыл бұрынғы көне темір немесе Палеозойдағы жыныстар қабаты, Карбон, Камбрия, Пермь жүйесіне шейін яғни жер түбімен  жиырылған кезең – Мезозой (225-65 млн жыл) кезеңіндегі тірі шөгінділердің жүлгелері: Кайнозой (65 млн жыл) кезеңіндегі жанартаулардың от ойнаған кезеңдерінде жаралған таулар бір ғайып дейік... Осы тауларға сүйеніп ілбіп келе жатқан тірлік иелері біз едік... Мынау Балқаш алабындағы Алтынемелдің Айқай құмы барған жолаушылардың бәріне «ән салып» беретіндігімен ерекше. Ал, Шарын шатқалы – жердегі жұлдыздың жұғыны.

Қиял ғайып

Ел арасында шайқы, сәуегей, көріпкелі бар кісілер көп өмір сүреді. Бұрын да болған, бүгін де бар. Түс жоритын, аян талдап, сана саралайтын саңылақ бейсаналы жандарды кезінде өз орталары әрқилы қабылдаса керек. Оларды әулие хаһ халифа деп танитын, құрметтеп есіркейтін де, ауыш, шайқы-бұрқы дуана деп қиямпұрыш қияли жағына бұратындары да аз болмаған. Ертегі, әпсана, эпостарда осындай түс көріп, түрлі аян кешетін жақсы ырымға шақыратын «тірі-өлік» саналы жұмбақ кептер тым көп. Қара өлеңдегі дүниеуи қиял мен  сәуеге толған әуездерге таң қаламыз кейде. Қазақтың қара өлеңі өткендерден болашаққа жолданған өсиет хат секілді. Біздің кен кеуделі қаттар тек қана қасиетті қара өлеңнің ырғақтарынан ғана емес ғаламдық ғаламат жәуһерлерден не түрлі ғажайыптар тауып, қарапайымды жұртты шымқай соны-соны қызықтарымен қанағаттандыратын-ды. Неше түрлі аяни саф мақамдарды осыдан қолма-қол сәуелі сүлдерлер туралы түгендеп, түрлі түйімдерді тауып әңгімелеп беретін-ді. Қара өлең өсиет хаттан да жоғары – кәрі эпостардың да атасы секілді сезілетіні бар. Қара өлең ақ қара бояулы көшпенді дара пайымның «basic»-і һәм хрестоматиялық үлгісіндей. Онда теңізге жүзгендей тереңдік пен көкке ұшқандай биіктік өлшемдеріне тап боласың. Бәрі де берекетті бәрекелдіге тең берекетті құдырет!

Түс (сүдін) ғайып

Әсіре түс көру арқылы болжам жасауға қазақ әбден шебер. Түстің мағынасы – сүдін. Моңғолдар түс атауын зүүдэн деп атайды. Мысалы, «Қобыланды батырдың» жырындағы сәуе: «...Ұйықтап жатып Құртқа түс көрді, Қиыншылық іс көрді. Тұрып Құртқа жылады, Бүгін түнде түс көрдім, Түсімде жаман іс көрдім. Кешегі кеткен балаңның қанатына қаз қонып, қайрыла алмай барады. Мұртынан мұз жауып, бұрыла алмай барады. Қараша таудай нас басып, көтеріле алмай барады...». Ал, «Алпамыс батыр» жырында да – «Түсінде жаман іс көрді. Төсегінің үстінде. Бір күшіген құс көрді...» деп түрлі хикаяттар жалғаса береді. Қытайдың Даосизмінің негізін қалаушылардың бірі өте күшті ілімгері Лао-цзы оның ізбасары Чжуан-цзы (б.з.д 369-286) түсінде өзінің көбелекке айналып жүргенін көреді де ғаламдық санаға тосын сауал қояды!? Бірақ, адамның санасы ғаламды сіңіруге жетпейтіні әйгі. Бұл кеп Эйнштейннің салыстырмалылық пайымы һәм бір долбары. Нидерландиялық керемет кескінші Иероним Босх (Jheronimus Bosch 1450-1516) «Нақұрыстардың кемесі»  туындысы қиял әлеміне жол ашқан керемет кескін. Кімнің қайда бет алғаны беймәлім лақпа ағынмен адасып кетіп бара жатқан есалаң тобырдың жұтаң жұрқы (сұрқы) яки олардың  сұпы мен сұқпыты. Кеменің әлемдік магниттік дәлдіктен мүлде ауытқып кетуін геофизикалық дәлдік өлшемінен де тыс нақты болжайды... Ол, әсірефанат дінқұмарлар мен әулиелерді сонша әсірелемей олардың ойлау қабілетін ең әуелі пенделі деңгеймен салыстырады. Тіптен суреттегі кескіндер арқылы  кейбір жұмбақтардың шешуін қарастырады да сауалдың соңын қарапайым ақымақтардың әбден шатасуымен реттеп сызады, тәлкектеп мазақтайды әрі күрделі тұжырымдайды. Кемедегі жандардан  жіберілген әрқилы сәл ағаттықтарға кешу жасағандай жай ақиқатты көрініс деңгейінде де түсіндіреді. Осы сауалдың пәлсафалық  сарыны Франц Кафка (Franz Kafka 1883-1924) 1912 жылы жазылған новелласы «Құбылу» – «Die Verwandlung» арқылы қызықты сабақтасып пенденің үрейлі көңіл күйі өзін тура күйретіп, құбыжық, құрт-құмырысқаға айналдыруына қарай әкелуін тура сәуелейді. Бұл тіптен дилетанттік тым ұшқары сауалға да әкеліп тірейді!? Аргентинаның жазушысы Хорхе Луис Борхестің (1899-1986) көрген түсі туралы новелласы өте қызықты. Э. Хэмингуэйдің (1899-1961) «Шал мен теңіз» (1952) повесіндегі жалғыздық (жалқылық) психологиясы мен жалғыздық философиясы психологиялық параллелизммен қоса өрілген өте күрделі тылсым ұғымдарға терең бойлауға тура келетіндей. Бұдан бір жай ғана бірер қызықты сауалдар ғана емес түб сананың таңғайып сәуесі көрінеді. Қазақтың ХІІІ ғасырдағы  «Ақсақ құлан» атты халық күйіндегі теңдессіз ишаратты тану, сезіну, танытудың жұмбақ сырын біз жақсы біле бермейміз. Батырлық жырлар мен ерлік дастандарда үздіксіз кездесіп отыратын түс көру мен аян, сәуелердің түгелін бұған қосып жатудың өзі артық!?  Мұхтар Мағауиннің «Құмырысқа - қырғыны» (2003) ішкі жадтағы жанталас шайқас, ышқыныстан туған аса ірі туынды. Осы супермифтік туындыны оқығанда үрейлі жан-жадыңмен галлюцинацияға ұшырағандай боласың!?

Ми ғайып

Мидың санаға жететін немесе дейінгі аралық сан мыңғыр ақпараттар арқылы «сапар шегумен» бір шөкімі ғана «ауылға аман жететіні» дәлелденгенімен тіпті дәлелденбегені көп тылсым жүйе. Ой мен сананың кілті «коді» бар осындай ғайыптар миының биожиілігі мен биоқуаты нуклеин формуласы арқылы шешілетін жұмбақ. (Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді.) Өзге де бейсаналы таланттардың миының ерекше қасиеті туралы сан мыңғыр деректер бар дүниеде. Олар көбінесе тар жерде «ауа жетіспей» немесе «қышқыл» кемдігімен өмір сүргені байқалады. Швейцариялық ғалым Адольф Портманның (1897-1982) «Жануарлардың пішіндері: олардың сыртқы түрін зерттеу деген әйгілі кітабында: (Animals forms and patterns: A study of the apperance of animals 1967) – саналы әлемге: а) еңкіш адамды, б) есті дельфиндерді, в) еңселі пілдерді, г) ерекше мешіндерді (суда жүзетін жәндік) жатқызады. Сана мен ақылдың айырмасына таңғаларлық талдау жасайды. Ғалым осы еңбегі арқылы Зигмунд Фрейд атындағы сыйлыққа де ие болған. Бұларды жеке-жеке талдаған аңыздар сан мыңғыр! Әйгілі ізкесті тағыгер, тарпаңгер  Н.М.Пржевальский (1839 -1888) асқан зеректігімен тарихта қалды. Ол 7 мыңнан астам жәндіктер мен қайуандардың аттарын, он сегіз мың ғаламның 18 мыңға жуық өсімдіктерінің атауларын ойына тоқтатқан бұқым шепсіз ойлы ғұлама кезбе. Некәлей Мекалайұлы жиһангер, жағрафияшы соңғы саяхат жолында Ыстықкөлдің жағасындағы шөп күркеде жазатайым өлген. Орыстың кемел композиторы, пианист Сергей Васиьевич Рахманинов (1873-1943) өз заманында ой тоқтату қабылеті жағынан алдына жан салмаған. Әнеу бір жылы Жағария (Үнді) елінде есімі мешһүр Шакунтала Дэви ( Shakuntala Devi 1929-2013) деген «тірі калькулятор» талантты ұрғашы тұлғаның есеп шығаратын ерекше таланты ғаламды таңғалдырғаны бар. Сонымен бірге орыстың атақты «есепкері математик, счётчик» Игорь Алексеевич Шелушков (1946 ж.т.) бүткіл өлең, поэма, эпостық ұзақ көлемді жорықты туындыларды мүдірмей жатқа айтатын еді дейді. Оны да ауыш деп таныған өз заманы. Ал, жарыместік деген түсінік мүлдемге басқа ұғым. Кейде сау адамдардың айта алмайтын сөздердің өзін осындай бейәулие «жындылар» тауып айта алады. Орыстың ұлы ғұламасы Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) математика, физика, химия, жер туралы ілім, астрономия, тарих, тіл тану, экономика, философия, кескін өнері және ағартушылық салаларына аса салмақты істер тындырған сындарлы.

Жақында ғана осы Моңғолияда өмір сүрген бейсаналы талант, әулие Жанатхан Сағидан (Djanatkhan Zagidan 1950-2002) есімді ерекше азаматты көрдік. Оның қабілеті деген адам айтқысыз теңіздей терең сезілетін еді. Ол кісінің кіндігінен өскен Ойлан, Толған атты екі баласы да бүгін бейсаналық оқшаулығымен өз әлемі арқылы бейнелеу өнері арқылы ғалам төріне әлдеқашан шығып үлгерген ұлдар. Сонымен қатар атақты шежіре Мақидолда Қинаятұлы (Makydolda Khinayat) есімді әулие шежіренің санасының өлшеусіздігі таңғаларлық.

Жіміле ғайып

Жіміле жиһанның түбіне адам өз жады санасымен ғана жетеді, өлшейді дейік.  Буддизмдегі жатака деген ұғымның қазақшасы – жады.  Оралхан Бөкейдің – «Қиялханы» да осыған ұқсас бейсаналық құбылыстық ғайып таным. Он сегіз мың ғалам яки шексіздіктің шебер жұмбағын шеше алмайтының шынайы өкініш. Қазақтың – «Ертөстік» сықылды ертегілерінде: – «ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде көреген, мерген, желаяқ, таусоғар, көл жұтқыш, алты қырдың астындағыны тыңдайтын саққұлақ...» деген мифтік атаулар сақталады. Фантастикалық үрейлі кинофильмдердегі жеңілмейтін алапат күш иелері, жылдамдығына көз ілеспес «супермендер»-ді де сол кездің өзінде нақты болжай алған. Аспаннан жерге қарай ытқып секіретін түрлі гравитациялық (gravitas) салмақтар мен қауіпті ауытқулар адамның санасын да басқа арнаға бұрып жіберетіні сезіледі.

Осылардың бәрін болжайтын тек білімдар текті оқырман, талантты, саналы әдебиетшілер ғана.  Әдебиетпен қатты шөлдеген саналы жұрт бұны алдағы мың жылда да өліп, өшіге кеміретіні белгілі...

Мүшен (от) ғайып

Ғарыш кеңістігіндегі мыңғырылған (миллион) жұлдыздардың қозғалысымен жаратылыс иелерінің ғұмыр жасы арасы мен уақыттық жыл, ай, апта арасын нақтылып, пысықтап санап отыратын дәстүрлі түб сана көшпелі қазаққа тіптен бейтаныс емес. Мысалы, мүшен (мүшел) жұлдызымен санап, 13 күн, 13 жастан  үшмүшелдікке шейін өрбіте беретіні де жай нәрсе емес.

 Бәдіз ғайып

Авестаның мәтіні дейтін көне парсы тілінен өзгеше және бірқатар белгілері бойынша неғұрлым кейінгі шығыс иран (соғды, хорезм, сақ және т. б.) тілдеріне жақын көне Иран тілінде жазылған. Әлікей Марғұлан кезінде терең сипатаған-ды.  Заратуштра (грекше - Зороастра) – көшпелі Азия даласының, ұлы Еділдің шығыс жағын мекендеген тайпалардың ізі – аһурамаздағы. «Аһура» қазақтың ана тілінде – ақылман әулие, «мазда» – құдай теңгір деген мағынаға ет жақын ұғым. Афроазия және Еуразия арасындағы руһ дәнекері б.з.б. ІІІ мыңжылдықтағы Иран Исфаһан жерінде үр дүниеге шапақ болған  Авеста Зороастра сеніми дінінің қасиетті кітабында шексіз сұңғыла зерде, ерек саналық мағлұматтар бар. Арийлер мен мидиялық байырғы тайпалары өсіріп, өндірген  Шумер өркениеті (б.з.д VІ-ІV ғ.) Қаспи теңізінің оңтүстік шығыс сағасындағы Аршак патшаның (Арсақ) дәуірінен басталып ұзаққа ұласқан  және әсіресе Таяу және Орта Шығыста ІІІ – ІҮ ғасырда билік құрған ирандық әулеті Сасанның атымен аталған Сасанилер хандық құрған кезде өздерін Хосраулықтардан түп тгін іздейді. Оның дәлелі Хосрау дәуірінің 394 жылы немесе б.э.д. 614 жылы жазылған бір тасжазба һәм қышбәдіз Қырғыздың Құланды қыпшалынан табылған болатын. Мүмкін соғда (б.з.б. І ғ. – б.з. ІХ ғ-лар) жазуынан бұрынғы белгілер болуы керек.

11- ші қалам ізі

Бір шеті мұнарға көмілген, көгілжім –

бір шеті тұнжырап,
Көгімнен төгілген шумақтар

мың қатпар жылдардай?!
Ботаның көзінен сырғанап, (бұл ғажап) мұң жылап,

тырс етіп,
Болашақ уақыт сарқыны іңгәлап,

жарқылы жылт етіп тұнғандай!
Мұзарттың төбесі өртенген алаудай

қалың қар,
Шабынып өтеді буралар қасыңнан,

жасыннан жараған.
Өкпелеп көшеді, өктем бұлт – көктемге малынған,
Қып-қызыл жауыннан тараған –

қып-қызыл қараған!!!
Жөргектен еңбектеп жететін,

баяғы сағымнан,
Аунаған аттардың сауырын

аялар жазтұрым,
Құстармен құйқылжып құйылған

лағылды ән,
Бұйырғын бұтада жиылған

сиқырлы саз түрі,
Жабысып сәуірдің жұғыны –

мамырдың таңында,
Беу, дала бесігі – әлди көк шулаған,

бей замат қаз тұрып...
Аққулар озаны-ай, көңілді жамылған,

көктемге малынған!!!

Сұраған РАХМЕТҰЛЫ  

Байланысты жаналықтар

Тоқаевтың мақаласы франциялық Le Figaro газетінде жарияланды

04.11.2024

«Қазақфильм» жер телімін сатып жатқан ақпаратты жоққа шығарды

02.11.2024

Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

02.11.2024

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

10.10.2024

Жер телімін заңсыз иеленгендерге 4 млн теңге айыппұл салынды

07.10.2024

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

02.10.2024
MalimBlocks
Тоқаевтың мақаласы франциялық Le Figaro газетінде жарияланды

«Қазақфильм» жер телімін сатып жатқан ақпаратты жоққа шығарды

Ал жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Бурабайда серіктестік жұрттың 10 мың гектар жерін сатып жіберген

Прокурорлар 400-ден астам үлескердің құқын қорғап қалды

Жетісу облысында 221 гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жер телімін заңсыз иеленгендерге 4 млн теңге айыппұл салынды

Заңсыз иеленген жер учаскелерінің аумағы 3,8 гектар

Ақмола облысында құны 70 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысы прокуратурасы өңірде заңсыз берілген жер учаскесін мемлекетке қайтарды.