Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі»

Мәдениет
«Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі»

Шәкірт тәрбиелейтін ұстаздың өзіне де ұстаз керек. Біліктілігін, білімін үздіксіз дамытып отыру үшін. Осы тұрғыда бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде «Тәжірибе тарату – мұғалім жетістігіне бастар жол» тақырыбында апталық ашылды.  

Бұл апталықтың мақсаты — жан-жақты білімді, әлеуметтік белсенді, шығармашылық дамуға ынталы тұлғаның қалыптасуына көмектесетін  мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту.

Мектеп-лицей директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.С.Кенжеханованың және тәлімгер ұстаздардың ұйымдастыруымен апталықтың алғашқы күнінде «Ұстаз мәртебесі - ұлт мерейі» атты мектепішілік тәжірибелі ұстаздардың байқауы өтті. Байқауға арнайы «Өрлеу» БАҰО»  Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-дан И.Ибрагим және Қазақстан педагогикалық Академиясы корпоративтік қорының вице президенті Т.Махалқызы шақырылды. Байқау соңында ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу