«Жайлы мектептер» аймақтарда қалай салынып жатыр? 

Malim Админ

  • 20.06.2023

Тұрғылықты жеріне қарамастан әр бала тең дәрежеде сапалы білім алуы керек. Олар бұған әбден құқылы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы еліміздегі  апатты және үш ауысымды мектеп мәселесін де  шешуге серпін бермек.  Қазір жер-жерде аталмыш жоба іске аса бастады.  Жуырда елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Астанада бой көтеретін мектептер жайлы айтты. Қала басшысының айтуынша, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша бас шаһарда 2025 жылға дейін  24 мектеп қолданысқа  берілмек. Білім мекемелерінің салынуы   тоқсан мыңға тарта орын тапшылығын жоюға септігін тигізеді деп күтілуде.   Ж.Қасымбек дәл қазіргі кезде елордада 15 ке жуық мектептің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның он бірі алдымыздағы жаңа оқу жылында ашылады деп жоспарланған.  «Жаңадан бой көтеріп жатқан білім ошақтары құрылысы жанданған жаңа аудандарда да көптеп кездеседі. Одан бөлек, елді мекендер мен оң жағалауда орын тепкен. Бұл өз кезегінде апатты деп танылған, қауіпті мектептердің орынын алмастырмақ»,-деп мәлімдейді Жеңіс Махмұтұлы.

Ақтөбе облысында да жаңа жоба сәтті жүзеге асырылып келеді деуге болады. Аймақта шаңырақ көтеретін мұндай сапалы мектептер он жеті мыңнан астам шәкірттің алаңсыз білім алуына жол ашпақ. Қазіргі жоспарға сәйкес, облыста 20 мектеп ел игілігіне беріледі. Келесі жылы 14 білім ошағы оқушыларды қабылдаса, 2025 жылы алтауы жұмысын бастайды. «Жайлы мектептердің» көпшілігі Ақтөбеде бой көтермек. Себебі, бұл жақта «Батыс-2» сынды тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізіліп жатыр.  Оқушылар орын тапшылығынан зардап шегіп келеді.   Сондай-ақ, ауылдық жерлерде 4 мектеп есік ашса, Қандыағаш қаласында бір мектеп оқушыларды қабылдай бастайды.  Бұрын апатты мектеп мәселесімен бетпе-бет келетін Шұбарқұдық ауылында заманауи нысанның құрылысы тәмамдалады.  Кеңқияқта жаңадан мектеп салынады. Бұл бірқатар түйткілдің түйінін тарқататыны анық. 

Ал Маңғыстау облысында 2026 жылы  21 «жайлы» мектеп пайдалануға беріледі.  Өйткені, аймақтағы 13 мың бала  орын жетіспеушілігінен зиян шегіп келеді.   Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев үш жыл ішінде үш ауысымдық мектептер мәселесін тезірек реттеуді тапсырған болатын.  

Ақмола облысында ұлттық жобаның жүзеге асуы көңіл қуантарлықтай. Алдағы екі жыл ішінде жоспарға сай 20 мектеп  салу жоспарда тұр. Ол 27 мыңға тарта оқушыны жайлы да заманауи орынмен қамтымақ.  Облыс әкімі Ермек Маржықпаев таратқан мәліметке сенсек, «5 жарым  мың оқушыға арналып 14 мектептің, одан бөлек,  2 мектептің құрылысы жалғасып жатыр.  Бұл іс үш ауысымды оқытуды түбегейлі жоюды көздейді. 2023 жылдың аяғына  дейін 2 мыңнан астам оқушы еркін сиятын  жеті мектеп қолданысқа беріледі.   Келесі жылы тағы 7 мектеп ашылмақ», — дейді ол.

86 мектеп.  «Жайлы мектеп» қанатқақты жобасы шеңберінде Түркістан облысында осынша білім ордасы бой көтермек. Қазір «жайлы мектепке» байланысты жер телімдерін бөлу жағынан қиындықтар туындап жатыр.

Павлодар облысында 7 мың шәкіртке орын табу қажет. Аталған проблеманы шешу мақсатында 4  мектеп шаңырақ көтереді.   Өткен жылы 2 жаңа мектеп ашылғаны белгілі.   Осы арқылы тапшылық проблемасы 11 мыңнан 7 мыңға дейін кемігені мәлім. 

Атап айтқанда, алдағы 3 жылда «Шығыс», «Усолка»  мөлтек  аудандарында, жаңадан бой көтеріп жатқан «Достық»,  «Жастар» аудандарында әрқайсысы 1200 орындық болатын оқу орындары ел игілігіне беріледі. Айта кетуге тиіспіз,  «Достық» шағын ауданында   алғашқы мектептің іргетасы қаланды.  

Бағдарлама аясында жалпы, еліміз бойынша 400-деп астам мектеп шәкірттер мен ұстаздарға есігін айқара ашуға тиіс.  Бұл елімізде бұған дейін болмаған тың жоба.  Жаңа мәнердегі жайлы, заманауи, озық үлгідегі білім беру мекемелері білім сапасының артуына да оң ықпал етпек.  840 мың орын ашылса, оқушылар емін-еркін білім алады.   Егер жоба сәтімен аяқталар болса, апатты мектептер, үш ауысыммен оқитын оқу орындары өзекті мәселеге айналмайды.  

Байланысты жаналықтар

Алматыдағы алғашқы «Жайлы мектеп» оқушыларды қабылдады

02.09.2024

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

22.08.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

25.07.2023

«Жайлы мектептердің» бірқатар артықшылығы бар

19.05.2023
MalimBlocks
Алматыдағы алғашқы «Жайлы мектеп» оқушыларды қабылдады

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

Мектептерде бала саны бесеуден кем болмауы керек

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

«Жайлы мектептердің» бірқатар артықшылығы бар