«Жайлы мектептердің» бірқатар артықшылығы бар

Malim Админ

  • 19.05.2023

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен қолға алынған  «Жайлы мектеп» жобасы алдағы екі-үш жылда жемісін бере бастайды. Шәкірттердің ойлағыдай білім жинап, өзіндік дамуына мүмкіндік беретін жоба барысында 2025 жылға дейін 401 мектеп бой көтермек. «Жайлы мектептің» басқа білім мекемелерінен бірқатар ерекшелігі бар. 

Бірінші артықшылығы, мұндай санаттағы мектептер қазіргі уақытта айқын сезіліп отырған орын тапшылығы мәселесін жояды.  Мектептер  кез-келген жерден емес, бүгінгі таңда  орын тапшылығынан зардап шегіп отырған  өңірлерде  салынбақ. Айталық, Алматы облысында   63 мектеп, Түркістан облысында  63 білім мекемесі,  Маңғыстау аймағында  24,  сонымен қатар,  Шымкент шаһарында  25, Астанада  24,  Алматыда  22  білім ошағы қолданысқа беріледі. Нақтылап айтқанда, қалада  218,  – ауылдық жерлерде  190-ға тарта мектеп салынады. БҒМ статистикасына сүйенсек, 2023-2024 оқу жылдары 226 мектеп бой көтерсе, арғы жылдары  175 оқу ордасы  салынып бітеді деген жоспар бар.  

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен  алдағы екі жылда   401   мектеп  қолданысқа берілсе,   еліміздегі үш ауысымды оқу проблемасын шешуге жол ашылмақ. Заманауи    мектептер 842 мың оқушыға арналып салынады.   Мысалы, Алматы облысында бой көтеретін  63 жаңа білім мекемесінде  136 мыңға жуық оқушы білім алады.    Кең ауқымды жобаның жалпы бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінген. 

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында оқу ошағында  білікті де жаңашыл ұстаздар қызмет етуге тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Таңатқызы егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның айтуынша, озық мектептердің басшысынан бастап, ұстаздарына дейін қатаң тәртіппен, жіті сараптаудан өткізіледі. Олар тағылымдамадан өтеді. Яғни, білім көрсеткішін сараптау бойынша ауқымды жұмыс атқарылады. Алдымен, мектепте берілетін білімнің мазмұны арнайы жасақталатын болады. Мұғалім болса, оны суммативтік және  формативтік бағалау түрлерімен қарайды. Сонымен қатар, сыртқы бағалау деп аталатын  жүйе  бойынша да рейтинг сарапқа салынады.  

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жоғары деңгейде, көзделген межені орындаса  2025 жылы  Қазақстанда  100 мыңға тарта   жұмыс орны ашылмақ.  Бұл өз кезегінде жұмыссыздық мәселесінің оң шешім табуына ықпал етпек.         

Байланысты жаналықтар

Алматыдағы алғашқы «Жайлы мектеп» оқушыларды қабылдады

02.09.2024

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

22.08.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

25.07.2023

«Жайлы мектептер» аймақтарда қалай салынып жатыр? 

20.06.2023
MalimBlocks
Алматыдағы алғашқы «Жайлы мектеп» оқушыларды қабылдады

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

Мектептерде бала саны бесеуден кем болмауы керек

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Астана мектептері жаңа оқу жылына қарқынды дайындалуда

«Жайлы мектептер» аймақтарда қалай салынып жатыр?