Алматыдағы алғашқы «Жайлы мектеп» оқушыларды қабылдады

Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар қарастырылған

Malim Админ

  • 02.09.2024

Жаңа оқу маусымын алматылық оқушылар ақжолтай жаңалықпен қарсы алды. Шаһардың Әуезов ауданында ерекше сипатты «Жайлы мектеп» есігі айқара ашылды.


Алматы әкімшілігі мәлімдегендей, бұл - Мемлекет басшысы тапсырмасына сәйкес, бой көтерген алғашқы озық оқу ошағы болмақ.

Мектеп алпыс жыл  жұмыс істегеннен кейін апатты деп саналған еді. Сондай себеппен бұзылған №97 мектеп-гимназияның орнында салынды.

№97 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушыларына мегаполис әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова ханым құттықтауын жеткізді.

«Жаңа білім маусымының алғашқы қоңырауы соғылды, ол білім әлеміне және жаңалықтарға өнер әлеміне және нақты ғылымдарға есік ашты. Биыл мектеп парталарына 307 мыңнан астам бала отырды. Жаңа оқу жылы бәріне қызықты әрі жемісті болсын, жаңа жетістіктерге қуаныш әкелсін», - деді Әсем Нүсіпова.

Жаңа мектеп 600 орынды және барлық заманауи талаптарға сай. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті кедергісіз орта, балалар шығармашылығын дамытуға арналған аймақтар, оқу дағдылары, цифрлық технологияларды игеру, сондай-ақ бастауыш және орта мектеп сыныптары үшін бөлек блоктар қарастырылған. 

«Біз мектептің ашылуын асыға күттік. Кітапхана мен оқу кабинеттері заманауи оқу жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, балалардың демалуына арналған коворкинг аймақтар, әр балаға арналған жеке шкафтар қарастырылған. Мектеп жас ұрпаққа жан-жақты білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашады. №97 мектеп бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Менің үлкен ұлым бірінші сыныптан бастап осында оқиды, 11-сыныпты бітіреді, ал биыл кіші ұлым алтыншы сыныпқа көшті. Менің балаларым мектепке үлкен қуанышпен барады, мектептегі іс-шараларға белсенді қатысады», - деді ата-ана Оксана Қыстаубаева.

Биыл 338 мектеп оқушыларға есігін айқара ашты, оның ішінде 216 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында Алматы әкімдігінің жобалық офисінің қолдауымен 36,8 мың оқушыға арналған 22 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылдың соңына дейін 32,8 мың орындық 20 мектепті пайдалануға беру жоспарда. 2025 жылы тағы 4 мың орындық екі мектеп іске қосылады.

Биыл мектепке мегаполистегі 30 мыңға тақау  жас өрен 1-сынып табалдырығын аттады. 

Фото: Алматы қаласы әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

02.04.2025

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

02.04.2025

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

01.04.2025

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

31.03.2025

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

30.03.2025

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

29.03.2025
MalimBlocks
«Тосынсый жасағым келеді». Мәдина Сәдуақасова қымбат пәтер сатып алғанын айтты

Өнер иесі пәтерді жақын адамына сыйламақ.

Ақтөбеде бір күнде 350 студент оқудан шығарылған

Ақтөбедегі жекеменшік университет бір күнде 350 студентті еш ескертпестен оқудан шығарып жіберген

Астана-Алматы бағытындағы пойыз енді Шу станциясына тоқтамайды

Алматыдан 178 шақырым қашықта жер сілкінді

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Тоқаев Алматы әкіміне қандай тапсырмалар берді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевқа шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Тоқаев Мирзиёевті шығарып салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев​​​​​​​тің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды