Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

Мектептерде бала саны бесеуден кем болмауы керек

Malim Админ

  • 22.08.2024

Биыл Қостанай облысында 12 мектеп жабылды. Бұлар – бала саны бесеуден аспайтын шағын білім ошақтары,- деп хабарлайды 24 кz. Есесіне жыл аяғына дейін өңірде 6 жаңа мектеп ашылды. Оның төртеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатыр.


Меңдіқара ауданы орталығындағы 1962 жылы салынған Ахметқазы Шотаев атындағы мектеп-гимназия күрделі жөндеу көрмеген. 800-ге жуық бала оқитын үшқабатты ғимараттың тозығы жеткен еді. Биыл бастан-аяқ қалпына келтіріліп жатыр.  

Осындай күрделі жөндеу облыстағы 9 мектепте жүргізіліп жатыр. Оның жетеуі – ауылдық білім ошақтары. Ал ағымдағы жөндеумен 142 мектеп қамтылған. Шекара түбіндегі Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебінде жеңіл-желпі жөндеумен шектелген.

«Нормативке сәйкес бастауыш мектептерде бала саны бесеуден кем болмауы керек. Биыл осы талапқа сай келмейтін 12 білім ошағы жабылды. Ондағы 50 шақты бала жақын жердегі мектептерге ауыстырылып, тасымал ұйымдастырылады. «Облыста бала санына шаққанда мектеп жеткілікті», – дейді сала мамандары. Қазіргі кезде негізгі мақсат – білім ошақтарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту»,- дейді  Қостанай облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.  

Фото: news.myseldon.com

Байланысты жаналықтар

Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

08.05.2025

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

06.05.2025

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

03.05.2025

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

02.05.2025

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

30.04.2025

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады

29.04.2025
MalimBlocks
Биыл жазда 3,1 млн оқушы демалыс бағдарламаларымен қамтылады

Түркістан облысында балалар мектеп-интернаттан шығарылған

Биылғы жазда мектептер жанынан 10 мыңнан астам лагерь ашылады

Биыл соңғы қоңырау қашан соғылады?

Шетелден қайтарылған ақшаға 89 мектеп салынып жатыр

Желіде бір оқушы басқа балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады