Жазушылар одағы неге сынала береді?

Осылай кете берсе, бұл ұйымның болашағы жоқ

Malim Админ

  • 24.06.2022

Көп жағдайда  сын садағына іліне беретін  Жазушылар одағының ендігі бағыты қандай болуы керек?  Шығармашылық ұйым заманға неге бейімделе алмай жатыр?  Бүгін жазушы Арман Әлменбет әлеуметтік желіде одақ туралы пікір білдіріп, өмір ағымына ілесе алмаған ұйымды сынға алды.

«Кезінде үлкен ықпалға ие болған, барған сайын не екені түсініксіз боп бара жатқан мекеменің бірі - Жазушылар одағы. Тоқаев келгелі, саяси күштер көбеюі керек деп жүр ғой. "Қазақ тілі" қоғамын құрды. Ол бір ықпалды күшке айналады деп істеді. Міне, дайын тұрған күш - Жазушылар одағы. Жанашыр, әрі іскер адамдар келетін болса, елдің жоғын жоқтайтын, жазушылардың да жағдайын жасайтын ұйымға айналып шыға келеді. Бұрын билік бір қолда болған соң, Жазушылар одағын ет пен терінің арасындағы бірдеңе ғып ұстап келді. Енді осылай кете берсе, бұл ұйымның болашағы жоқ. Өз басым дәл жазушылардай өмірге ілесе алмай қалған сорлы қауым көрген жоқпын. Оған осы одақтың да кінәсі бар», деп пікір білдіреді А.Әлменбет.  

Қаламгердің бұл пікіріне қарсылық танытып жатқан жазушылар аз емес. Алайда Сұлтанәлі Балғабаев секілді зиялы қауым өкілдері жаңаша шешім қабылдап, одақ ісін оңтайлы етуге болатынын айтады.   «Жастардың айтып, жазып жатқандары шындық. Қазіргі кезде жазушылардың жағдайы бұрыңғымен салыстырғанда әлдеқайда қиындағаны анық. Мысалы, біз баяғыда әдебиетке жаңадан келген кезде жазушыларға жасалатын жағдай мүлдем басқаша еді. Біз баспана, қаламақы жөнінен ешқандай қиындық көрген жоқпыз. Газет-журналға кішкене мақаламыз шықса да, радиодан сөйлесек те жақсы қаламақы алатынбыз. Кітаптың қаламақысы да, таралымы да барынша мол болатын. Енді соның бәрі түс сияқты» деген Балғабаев  қазір де де жағдайды түзеуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. 

«Бұл ең алдымен жазушылардың өздеріне байланысты. Яғни, кім көрінгенді сынап-мінеп, немесе сайрап сөйлеп, құр босқа жүре бермей, бастарын қосып, жоғарыдағы тиісті орындарға қажетті ұсыныс беріп, мемлекеттік сатып алу бойынша қаржы бөлдіретін нақты жоба жасап, жүйелі жұмыс істеу керек. Мысалы мен өзім сонау Ертісбаев минстр болып тұрғанда нақты ұсыныс беріп, соңына түсіп жүріп, үш жыл қатарынан жаңадан жазылған пьесаларға сол кездегі курс бойынша он мың долларға тең болатын қаржы бөлдіруге ықпал еттім. Ал 2016 жылы "Мәдениет туралы" Заңға әлеуметтік маңызды әдебиетті сатып алу мен тарату туралы баптың кіруіне тікелей үлес қостым. Соның нәтижесінде қазір біраз жазушыларымыз жаңадан жазылған шығармалырына әлеуметтік маңызды әдебиетті сатып алу бағдарламасы бойынша 5-6 млн. теңгеге дейін мол қаржы алып жүр. Мен мұны мақтанайын деп емес, тәжірибе алмасу үшін айтып отырмын. Қазір үкіметте әдебиетті дамытып, жазушыларға жағдай жасау үшін тиісті заң да, қажетті қаржы да бар. Тек соны тиімді пайдалана білу ғана жетіспейді

Біздің әріптес қаламгерлеріміз жұрт алдына шығып ақыл айтып, сөйлеуге келгенде ешкімге жол бермейді, бірақ сол айтқандарын өздері жүзеге асыруға онша мән көңіл бөлмейді. Бұл мәселе ең алдымен жас жазушылардың айрықша назарында болуы керек. Яғни, жас қаламгерлер бастарын қосып, қажетті ұсыныстарын заңдық негізде бір жүйеге түсіріп, тиісті орындарға ұсынып, соңына түсіп, қузап отырса көп мәселені шешуге болады. Және біз бұл жөнінен керекті ақыл-кеңес беруге әрқашан да дайынбыз», - деп ұсынысын білдіреді. 

Қаламгер Құл-керім Елемес те одақтың жұмысын алға бастыру үшін жастарды қолдау керек деген пікірге тоқтады.

«Біз жастарға сенуіміз, оларды тәрбиелеуіміз, оларға тізгінді уағында беруіміз лазым...

Сонда олар да уағында қызметке тұрады. Уағында істейін дегенін істейді. Һәм үлкендердің "кет!" деп, бетінен алмайды... Һәм үлкендердің де беделі сақталады...

Қазақта тағы бір жақсы сөз (әдемі қағида) бар. Ол: "Жас келсе іске, кәрі келсе асқа" деген.. Бұл қағидаға бағынсак жаман болмаймыз. Болмаса, міне, өстіп "балаларға" сақалымыздан алдырғанымыз алдырған...

Негізі Аяз бидің әлін білгені, Құмырысқаның жолын білгені жақсы-ақ!», дейді ол.  

Былтыр Президент Қ.Тоқаевтың шығармашылық одақтарды қолдауға  қатысты тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мәдениет саласындағы шығармашылық одақтарды қолдау қарастырылған болатын. Мүмкін Жазушылар одағы осындай қолдаулар арқылы жұмысын заманмен үйлестіргені жөн болар. Ұсыныс-пікір білдірушілер Одақтың нарық талабына ілесіп кеткенін құптап отыр.  

Байланысты жаналықтар

«Не істеп шұбырып жүрсіңдер?!»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға қатысып жатқан боксшыларды сынап тастады

31.07.2024

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

16.07.2024

«Ахуал мүшкіл»: Президент билікті сынайтындарға қандай кеңес берді

27.06.2024

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

12.06.2024

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

09.02.2024

Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

14.07.2023
MalimBlocks
«Не істеп шұбырып жүрсіңдер?!»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиадаға қатысып жатқан боксшыларды сынап тастады

Бұл туралы ол facebook парақшасында жазды.

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

«Ахуал мүшкіл»: Президент билікті сынайтындарға қандай кеңес берді

Тоқаев алдамшы жеңістер мен жетістіктерге әуестенудің қаупін де жақсы түсінетінін жеткізді.

«Сауранбаев деген кім соншама?!»: Мәжіліс депутаты қарызға белшесінен батқан ҚТЖ-ны сынады

Депутаттың сөзінше, ҚТЖ басшысы Нұрлан Сауранбаев қаншама ереуілдер болып жатса да, біреуіне де бармаған.  

Мұқағали жырлары неге өміршең?!

Бейне бір бағзы мен бүгіннің арасында жүргендей, шаңқай түсте ымыртқа кіргендей, қырғын-дулы ортадан қорымға тап болғандай бейдауа күйге түсесің

Бесеудің соты.  Әртістер тілсіз, Жазушылар одағы үнсіз!  

Халықтың  қаны төгіліп, ел іші бүлінгенде қит етпегендер енді бас көтерер деймісіз?!