457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жетісуда ортағасырлық қала табылды

Жетісу облысынан ортағасырлық қаланың қирандылары табылды. Бұл жөнінде «Петроглиф іздеушілері» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Гумирова Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Біз көптен бері іздестіріліп келген ортағасырлық қаланы тапқан сияқтымыз! Ол туралы жазба деректерде мәлімет бар. Археологтар бұдан хабардар. Алдымен карьерден кірпіш қабырғаның қалдығын көрдік, кейін – керемет жағдайда сақталған мұнараны. Артынша жер астынан қабырға шықты, оның үстінен балқып кеткен ортағасырлық кірпіштер шығып тұр екен», – деп жазды ол.

Гумированың айтуынша, табылған нысан Талхиз немесе Қойлық қаласымен теңдес болуы мүмкін.

«Бұл қандай құрылыс екені жайлы қазір пікірталас жүріп жатыр. Мұны әлі анықтаймыз», – деді ол.

Фото: Facebook/Ольга Гумирова