Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шешім шықты

Құқық
Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты апелляциялық шешім шықты

Алматы сотының апелляциялық инстанциясы Нұрасыл Болаттың ісін қарады. Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды. 


"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шешім шығарды: Алматы Медеу ауданы №2 аудандық сотының сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысын өзгеріссіз қалдыру, сотталғанның және оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырмау. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды", – деп шешімді оқыды судья Нұржан Қарабаев.

Судья Болат Нұрасылдың пробация шарттарын бұзғанын мәлімдеді.

"Бірінші инстанцияда сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын, алайда ол сот үкімін орындау тәртібін бұзған", – деп түсіндірді апелляциялық инстанцияның төрағалық етуші судьясы Нұржан Қарабаев.

Еске салайық, 22 қазанда Медеу аудандық соты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты шешім шығарған болатын. Бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы пробациялық бақылау талаптарын бұзғаны анықталған еді.

Фото: Alash.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу