Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Даусы шәңкілдеп кетті": Жұрт Бейбіт Сейдуалиеваның масқарасын шығарды (ВИДЕО)

Шоу-бизнес
"Даусы шәңкілдеп кетті": Жұрт Бейбіт Сейдуалиеваның масқарасын шығарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Тоқтар Серіктің 50 жылдық мерейтойында жары Бейбіт Сейдуалиева сөз сөйлеп, кейін сазды сәлем жолдаған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыланып, сынға ұшырады, деп хабарлайды Malim.kz.

Мерейтой қонақтарына алғыс айтып, күйеуіне ақ тілегін жеткізген Бейбіттің дауысындағы өзгеріс жұрттың назарын аударған.

"Тоқтар – халықтың адамы, амандығын берсін! Бұл – көптен күткен қуанышымыз. Аллаға шүкір, өнерде қол ұстасып келе жатырмыз", – деген ол өз тілегінен кейін ән орындап берген.

Алайда желі қолданушылары оның дауысын сәтсіз деп бағалап, түрлі пікір жазған.

Көпшілік арасында: "Даусы мүлде шықпай қалыпты", "Шәңкілдеп тұр", "Мұрнымен сөйлеп тұрған сияқты", – деген секілді сын пікірлер жиі кездескен.

Желіде пікір қалдырғандардың басым бөлігі бұл жолғы өнер көрсетуді Бейбіттің сәтсіз шыққан сәті деп бағалаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу