6 адам қаза тапқан жол апаты. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Дене жарақатын алған төрт науқас та кәмелет жасына толмаған

Түркістан облысында жол апатынан зардап шеккен 4 адам Кентау қалалық орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Олардың үшеуі жансақтау бөлімінде. Ал, біреуі сынық-сырқат бөлімінде ем алуда.
Орталық аурухананың қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен төрт науқасты алып келді. Үшеуінің жалпы жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқас травматология бөліміне жатқызылды. Медициналық көмек дер кезінде көрсетілді, емдеп жатырмыз. Ішінде бір науқастың жағдайы тіпті ауыр. Дәрігерлер қолдан келген ем-домның барлығын жасап жатыр, - деді Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев.
Фото: pexels.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
