Қазақстан жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындалып жатыр

Қазақстанда жаңа эпидемиологиялық маусымға дайындық басталды. Бас мемлекеттік санитар дәрігер Сархат Бейсенова 2025-2026 жылдарға тұмауға, ЖРВИ және COVID-19-ға қарсы шаралар туралы қаулыға қол қойды.
Вакцинация
• Халықты тұмауға қарсы иммундау 15 қыркүйектен басталады.
• 1 қыркүйекке дейін әкімдіктер вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін жасау тиіс.
• Екпе қауіп тобына жататын адамдарға – балаларға, жүкті әйелдерге, медицина қызметкерлеріне, қарт адамдарға – азаматтардың келісімімен жүргізіледі.
Медициналық ұйымдар
• 1 қазаннан бастап медицина қызметкерлері үшін маска тағу режимі енгізіледі.
• Қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау жоспарлары әзірленген.
• Медициналық мекемелерде күшейтілген дезинфекциялық режим, ЖРВИ белгілері бар пациенттерге арналған кіру сүзгілері енгізіледі.
• Жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларға үйде қызмет көрсету қарастырылған.
• Тұмау, ЖРВИ, COVID-19 және ауыр пневмониялар бойынша зертханалық мониторинг жүргізіледі.
Білім беру саласы
• Мектептер мен балабақшаларда күн сайын таңғы сүзгі жүргізіледі. Егер бір сыныптың 20–30% оқушысы ауырса, кабинет жүйесі тоқтатылады. 30% және одан көп жағдайда – оқу онлайн форматқа көшіріледі. Білім беру ұйымдары санитайзерлер орнатып, балаларға гигиена бойынша түсіндіру сабақтарын өткізуі тиіс.
Ерекше бақылауда жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар. Бұл санаттағы тұрғындар үшін үйге шақыруларға басымдық беріледі. Медициналық қызметкерлер олардың жағдайына күнделікті үйге барып қызмет көрсетіп, асқыну жағдайларында, мысалы, пневмония кезінде, уақытылы ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етуге міндетті.
1 қазаннан бастап осы санаттағы азаматтар арасында күнделікті сырқаттанушылық мониторингі жүргізіледі.
Мониторинг 1 қыркүйектен бастап – апталық, ал 1 қазаннан бастап күнделікті мониторинг енгізіледі. Өңірлік органдар сырқаттанушылық бойынша жас ерекшеліктері бойынша есеп береді.
Ұлттық сараптама орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы зертханалық бақылауды, ПТР тестілеуді және секвенирлеуді қамтамасыз етеді.
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ең көп оқылған
