Атыраулық дәрігерлер пышақ қолданбай ота жасады

Бұған дейін өңірде дәл мұндай емдеу тәсілі қолға алынбаған

Malim Админ

  • 20.08.2024

Атырау облысының Құлсары қаласында дәрігерлер алғаш рет лапароскопиялық тәсілмен ота жасады. Жылыой аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Асулан Абдрахмановтың айтуынша, бұрын дәл мұндай емдеу тәсілі қолға алынбаған.

«Бұрын аппендицит, асқазан жарасынан қан кету, кіндік және шап жарығына операциялар кесу әдісімен шұғыл әрі жоспарлы түрде жасалған еді. Енді лапароскопиялық ота жасау ісі қолға алынды. Бүгін 36 жастағы азаматқа заман талабына сай лапароскопиялық әдіспен ота жасалды», - дейді Асулан Абдрахманов.

Оның пікірінше, лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына операцияны тілік жасамай-ақ орындайтын тың әдіс. Бұл тәсілмен ота жасалған емделушінің аяққа тұру мүмкіндігі жоғары болады.  

«Науқас «Теңіз» кен орнынан аудандық аурухананың қабылдау бөліміне ішінің және оң жақ мықын тұсының ауырсынуы белгілерімен жеткізілді. Оның жағдайына медициналық тексеру жүргізілді. Лабораториялық зерттеу нәтижесінен кейін азаматқа аппендицит диагнозы қойылды. Науқасқа өзінің келісімімен лапароскопиялық әдіспен шұғыл түрде ота жасалды», - деп хабарлады Асулан Абдрахманов.

Аудан дәрігерлерінің айтуынша, науқастың жағдайы бірқалыпты. Ол аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр.

Фото: matritca.kz    

Байланысты жаналықтар

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваға қатысты ақпаратқа пікір білдірді

14.05.2025

Науқасты мүгедек немесе мерт қылған дәрігерді жазалана ма? - ДСМ

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Сара Назарбаеваның қайда емделіп жатқаны белгілі болды

10.05.2025
MalimBlocks