ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Malim Админ

  • 05.04.2025

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов өңірде 2025 жылы денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын жұмыстар туралы айтты. Басты назар ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға, кредиторлық қарыздарды өтеуге және жаңа кадрларды тартуға аударылмақ.

Кредиторлық қарыздар жойылады

Денсаулық сақтау жүйесінің басты мәселелерінің бірі – медицина ұйымдарының кредиторлық қарыздары. Бұл жағдай біздің өңірге де тән, – деді Дархан Сапанов.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі медицина ұйымдарының жалпы қарызы 2,5 миллиард теңгені құрады, оның 1,3 миллиард теңгесі – мерзімі өтіп кеткен берешек.
Қарыздарын толық өтей алған сегіз мекеме бар: Катонқарағай аудандық ауруханасы, Ана мен бала орталығы, Өскемен қаласының №4 ауруханасы, Күршімаудандық ауруханасы, Риддер қалалық ауруханасы, Психикалық денсаулық орталығы, Облыстық жедел жәрдем станциясы және Самар аудандық ауруханасы.
Ал кредиторлық берешегі сақталған ұйымдарға Медицина орталығы, Алтай ауданаралық ауруханасы, Шемонаиха аудандық ауруханасы, Серебрянск қалалық ауруханасы және Үлкен Нарын аудандық ауруханасы жатады. Алайда, бұл ұйымдарда жалақы мен салық бойынша қарыз жоқ.
Атап айтсақ, Өскемендегі Балаларға арналған стоматологиялық емханада және ШҚО Фтизиопульмонология орталығының берешегі бар. Дархан Сапанов медицина мекемелерінің басшыларына жыл соңына дейін барлық қарызды өтеу жөнінде тапсырма берді.

Өлім-жітім азайды

Былтыр ШҚО-да жалпы өлім көрсеткіші 2%-ға өсіп, туу 2,6%-ға азайды. Дегенмен обырдан (ісік) қайтыс болу 4,2%-ға, ал туберкулезден өлім 18,2%-ға азайған.
Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім 3,4%-ға артқан, ал жарақаттан қайтыс болу 1,4%-ға төмендеген.
Ана мен нәресте өлімі де азайды. 2024 жылы өңірде бірәйел босану кезінде қайтыс болған. Бұл жағдай облыс орталығында тіркеліп, алдағы уақытта республикалық штабта қаралатын болады.
Нәрестелер өлімінің негізгі себептері: перинаталдық кезеңдегі асқынулар, туа біткен ақаулар және тыныс алу органдары аурулары.
– Аналар өлімі 65%-ға, нәресте өлімі 31,5%-ға азайғаны – медицина мекемелерінің жаңартылып, алдын алу шараларының күшеюінің нәтижесі. Осы жылы аудандық ауруханалардың деңгейін көтеріп, заманауи құрал-жабдықтар сатып алу көзделіп отыр, – деді Сапанов.
Денсаулық сақтау басқармасы бұл көрсеткіштерді төмендету үшін жүйелі жұмыстар атқарып жатыр: мамандарды оқытуға жібереді, материалдық-техникалық базаны нығайтады, сирек аурулары бар балаларға арналған дәрілер мен арнайы тағамдар сатып алады.
Бүгінде ШҚО-да 13 босандыру ұйымы жұмыс істейді: 9-ы – І деңгейлі, 2-еуі – ІІ деңгейлі, 2-еуі – ІІІ деңгейлі. Осыжылдың І тоқсанында Тарбағатай аудандық ауруханасын ІІ деңгейге ауыстыру жоспарланған.

Қан айналымы жүйесі ауруларымен сырқаттану 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда 8,25%-ға өсті. Обыр аурулары 4,29%-ға азайған. Жарақаттар мен улану 7,63%-ға артты, ал туберкулезбен сырқаттанушылық 4,44%-ға төмендеген.

Кадр мәселесі – басты назарда

Қазіргі кезде өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 10 842 маман жұмыс істейді, оның ішінде 3 021-і – дәрігер, 7 821-і – орта буын медицина қызметкері.
Облыста 152 маман тапшы, оның ішінде 75-і ауылдықжерлерге қажет.
– Осы жылдың 13 ақпанында Денсаулық сақтау басқармасы150-ден астам интерн мен резидентпен кездесу өткізді. «Семей» медицина университетінің 42 түлегімен алдын ала келісімдер жасалды, – деді әкім орынбасары.
Сондай-ақ биыл облыс 70 маманды шетелге оқуға жібереді. Бұл мақсатқа 420 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Оқыту бағыттарын Денсаулық сақтау басқармасы мен облыстың бас мамандарынан құралған комиссия анықтайды.

Материалдық-техникалық база нығайып келеді

Өткен жылы өңірде 21 медицина ұйымының материалдық-техникалық базасын жаңартуға 3,3 миллиард теңге бөлінді. 7 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуге 2,5 миллиард теңге қарастырылып, 6 нысанда жөндеу аяқталды. Қалғанбір нысанда жұмыс жыл соңына дейін аяқталады.
Осы жылдың соңына дейін 18 денсаулық сақтау ұйымыжаңа медициналық жабдықпен қамтамасыз етіледі. Бұлүшін 4,8 миллиард теңге бөлінді.

Сондай-ақ 16 нысанды күрделі жөнделмек, оның құны – 3,8 миллиард теңге.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасыаясында өңірде 36 медицина нысаны салынып жатыр. Оның35-і пайдалануға берілді, қалған біреуі биыл аяқталады.
Өңір үшін маңызды бірнеше ірі жоба жүзеге асуда. Солардың қатарында Өскемендегі гематология орталығы, Риддер қаласындағы200 орындық көпсалалы аурухана мен 500 адам қабылдайтын емхана құрылысы, сондай-ақ Онкология және хирургия орталығы хирургиялықкорпусының 1-3 қабаттарын жаңғырту, Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентіндегі ауысымына 150 адам қабылдайтын емхана құрылысы бар.

Төсек-орын қорын тиімді қолданған жөн

2024 жылғы талдау барысында өңірдегі кейбір ауруханаларда төсек-орындардың жоғары жүктемемен, ал кейбірінде төмен жүктемемен қолданылып отырғаны анықталды.
Күршім аудандық ауруханасы мен облыстық реабилитациялық орталықта төсек-орындар жоғары жүктемемен жұмыс істеп жатыр.
Ал Защита теміржол ауруханасында (10 төсек-орнының 5-і бос), Ұлан аудандық ауруханасында (15 орынның 7-і бос) керісінше жүктеме аз екені байқалды.
– Медициналық мекеме басшылары уақытылы сараптама жасап, науқастар санын реттеп, төсек-орын қорын тиімді пайдалану үшін қайта бейіндеу жұмыстарын жүргізуге тиіс, – деп түйіндеді Дархан Сапанов.  

Фото: ШҚО әкімдігі 

Байланысты жаналықтар

Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

03.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025

Рим Папасы ауруханадан шықты

24.03.2025
MalimBlocks
Қан түкіріп, дене қызуы көтеріледі: Денсаумин жаңа қауіпті вирус туралы ақпаратқа пікір білдірді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейде жаңа вирус пайда болғаны туралы хабарламаларға пікір білдірді

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

Рим Папасы ауруханадан шықты

Ол жиналған халықты қарсы алып, оларға батасын берді, сондай-ақ алаңда жиналған үш мыңға жуық адамға бас бармағын көтеріп, «бәрі жақсы» екенін айтты