Буын ауруларын қалай емдеу керек?

Әсіресе артрит өршіп тұр

Malim Админ

  • 14.08.2024

Адамның қимыл-қозғалысында маңызды рөл атқаратын буындардың да зақымдалып, күнделікті тіршілікті күрделендіретін жағдай жиі кездеседі. Сондықтан буын аурулары және оларды емдеу жолдары туралы біле жүрген абзал. Буын – қаңқаның екі немесе одан да көп сүйектерінің қосылуы. Түсінікті тілмен айтқанда, буын – бұл көлемі, сипаты және еркіндік дәрежесі бойынша әр түрлі қозғалыстар жүзеге асырылатын "үйкеліс түйіні". Кейбір буындар қозғалмайды. Мысалы, құйымшақ пен жамбас сүйектері арасындағы буындар қозғалыссыз тұрады. Басқа буындар иық сияқты үлкен және күрделі қозғалыс ауқымын қамтамасыз етеді.

Адам буындары қай жерде орналасқан?

Буындар бүкіл адам денесін қамтып тұр. Олар бас сүйегі, аяқ-қол, омыртқаның сүйектерін бір-бірімен байланыстырады. Бір ғана саусақтарда 20 буын бар болса, бүкіл денедегі буын саны 360-тан асады. Адам ағзасындағы ең үлкен буын тізе буыны болып табылады және атауы айтып тұрғандай ол тізеде орналасқан. Ең кішкентай буын құлақта орналасқан. Ол ұсақ сүйектерді, атап айтқанда, "балғашық", "үзеңгі" және "төстікті" біріктіреді. Адам буындарының құрылысы қандай? Әрбір буынның түзілуіне қатысатын буын беттері болады. Буын беттерін коллаген, су және протеогликандардан тұратын тығыз, иілгіш және созылмалы гиалинді шеміршек жауып тұрады. Ол буындарды қорғайды, олардың арасындағы үйкелісті азайтады және амортизатор ретінде қызмет етеді. Буындарда буын капсуласын құрайтын жабын – синовиальды тін де болады. Ол шеміршектің шетіне бекітіліп, буындарды жарылу және механикалық зақымдану секілді сыртқы әсерлерден қорғайтын тұйық буынды қуыс (буын беттері және капсуламен шектелген саңылау тәрізді кеңістік) түзеді.

Буынның атқаратын қызметі

Буындар тірек және қозғалтқыш қызметінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, олар жекелеген сүйектердің орын ауыстыруына, дененің қозғалысына және оның кеңістіктегі күйін сақтауға қатысады.

Қандай буын аурулары бар?

"Буын ауруларының көбін шартты екі топқа бөлуге болады: қабыну (артрит) және дегенеративті (артроз). Біріншісі жиі жағдайда иммундық жүйенің бұзылуына байланысты туындайды, екіншісі тозуға байланысты қалыптасады", - дейді ревматолог Анна Тарасова. Буындарға тән ең көп таралған ауруларды қарастырайық. Артрит әртүрлі элементтері әсер ететін буындардың әртүрлі қабыну аурулары ретінде түсініледі. Аурудың туындауына әр түрлі инфекциялар, жарақаттар, алмасу және иммундық бұзылулар, ісіктер себеп болуы мүмкін. Артрит бір буынға (моноартрит), 2-3 буынға (олигоартрит) және 3-тен көп буынға (полиартрит) зақым келтіруі мүмкін. Артрит түрлері: инфекциялық – жергілікті инфекциядан туындаған қабыну; реактивті – кез келген буыннан тыс инфекцияға реакция; микрокристалды, мысалы, подагра артриті – ағзадағы зәр қышқылының жиналуына байланысты буындарда шөгінділер пайда болатын зат алмасудың бұзылуы; жарақат салдарынан; әртүрлі аутоиммундық процестермен байланысты, мысалы, псориазды – псориазбен ауыратын науқастарда кездеседі. Артрит белгілері: буындағы ауырсыну; буын пішінінің өзгеруі, олардың деформациясы; қозғалыс қызметінің бұзылуы, қозғалыс кезіндегі кідіріс; зақымдалған буындар аймағындағы тері температурасы мен түсінің өзгеруі. Артроз Артроз буындардың дегенеративті-дистрофиялық ауруы болып табылады. Артроздың негізгі екі түрі бар: бастапқы (идиопатикалық) және қайталама. Бірінші жағдайда аурудың тікелей себебін анықтау мүмкін емес. Екіншісінде ол әр түрлі факторлар мен аурулардың салдары ретінде қалыптасады.

Сонымен тұқым қуалаушылық, жарақат, созылмалы буын аурулары, жүйелі метаболикалық аурулар артроздың себебі болуы мүмкін. Сондай-ақ буындарға ұзақ уақыт шамадан тыс жүктеме түсуі, артық салмақ ауру туындау қаупін арттырады. Артроз белгілері: буындағы ауырсыну; қозғалыстардың шектелуі, таңертең 30 минутқа дейін қозғалыстағы кідірістер; буындағы үйкеліс сезімі; буындағы деформация. Буындарды қалай емдейді Буын аурулары кезінде әр түрлі емдеу әдістері қолданылады. Ол өмір сүру салтын өзгерту, дәрі-дәрмек терапиясы және ота жасауды қамтиды. Өмір сүру салтын өзгерту Буындарды емдеу бойынша ұсыныстар әрқашан өмір сүру салтын өзгертуден басталады. Ревматолог дәрігер Анна Тарасованың айтуынша, дәрігерлер артық салмаққа үнемі назар аударады. Майлы тіндердің шамадан тыс болуы денеде, соның ішінде буындарда қабынудың жоғары деңгейіне ықпал етеді. Бұл сонымен қатар аяқтардағы буындарға қосымша жүктеме болады. Темекі шегуден бас тарту маңызды. Өйткені бұл теріс әдет буынның дегенеративті және қабыну ауруларының туындауындағы дәлелденген факторы болып табылады. Аяқ буындарындағы ауырсыну кезінде табанның ортопедиялық түзетуіне ерекше назар аударылады. Буындарға түсетін жүктемені азайту үшін арнайы төсеніштер, саусақаралық корректорлар, ыңғайлы аяқ киім киген дұрыс.

Фото: Den-der.kz 

Байланысты жаналықтар

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

29.10.2024

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

18.10.2024

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

09.10.2024

Мүгедектікті анықтауға тәуелсіз сарапшылар тартылады

24.09.2024
MalimBlocks
«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Тұрсынбаева осы жолы қатты ауырып жатқанын атап өтті

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

Бүгін – бүкіләлемдік инсультке қарсы күрес күні

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

Елімізде 4 мыңнан астам науқас ағза ауыстыруға мұқтаж

Статистикаға сәйкес, олардың көпшілігі кезегіне жетіп үлгермейді

Мүгедектікті анықтауға тәуелсіз сарапшылар тартылады

Тәуелсіз сарапшылар институты 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді