Дина Таңсәрі инфарктпен ауруханаға түсті

Ол бүгінде Черногорияда тұрып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 27.08.2024

«НеМолчи KZ» қоғамдық қоры жетекшісінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазылған мәліметке қарағанда, соңғы 20 күнде Дина Таңсәріде екі рет жүрек талмасы болған. Әуелі 9 тамызда, одан соң 25 тамызда қайталанған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл жолғы инфаркт өте күшті болып, бір сағатқа созылған. Қалада дәрігерлердің жоқтығынан және қаржылық мүмкіндігінің болмауына байланысты ем ала алмай, жүрек талмасын үйде жатып өткерген. Жедел жәрдем шақыруға шама жетпеген.

24 тамызда Дина терапевтте болған. Дәрігер ЭКГ арқылы жүрек жұмысында қиыншылық бар екенін айтып, содан кардиологқа жазылған. Ал жүректің ультрадыбыстық зерттеуіне тек қыркүйектің ортасына жазылуға болады, басқа уақытта дәрігер жоқ.

Бірақ 25 тамызда тағы да жүрек талмасы ұстаған, сондықтан қыркүйекке дейін күту қауіпті. Бүгін жағдай нашарлап, басқа қалаға баруға тура келді. Черногорияда медицина осындай, маман өте аз, қазір көпшілігі демалыста, сондықтан кардиологты басқа қаладан таптық, деп жазылған әлеуметтік желідегі жазбада.

Қоғамдық белсендіге енді такси, дәрігер қабылдауы, тексеру, анализдер, ультрадыбыстық және жүрек ЭКГ ақысына қаржылай көмек қажет. Ауруханаға жатқызу қажет болса, оны да төлеу керек.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың наурызында Дина Астанада сантехник зорлаған бес жасар қыздың жағдайынан кейін инфаркт алып, аман қалған.

Фото: facebook/Dinara Smailova

Байланысты жаналықтар

Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

08.08.2024
MalimBlocks
Қызылордада мектеп оқушысын жезөкшелікке салған оқушыларға қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында мектеп оқушылары 16 жастағы қыз баланы қинап ұстап, есірткі беріп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.