Елімізде 76 мыңнан астам адам пневмонияға шалдыққан

Malim Админ

  • 23.12.2024

Пневмония – барлық жастағы адамдар зардап шегетін тыныс алу жолдарының ең қауіпті ауруларының бірі. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ пульмонолог дәрігері Аида Жәділді айтты.


Айтуынша, егер уақытында диагноз қойылып, терапияны кешіктірмей бастаса пневмонияны емдеуге болады .

– Күзгі - қысқы кезеңде жедел респираторлық инфекциялардың, соның ішінде пневмонияның даму қаупі артады. Пневмония – өкпенің тыныс алу жолдарының ошақты зақымдануымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру. Ауру негізінен жөтел, қақырық, әлсіздік, ентігу белгілерімен қатар дене қызуы жоғарылауынан басталады,– дейді дәрігер.

Пульмонолог, пациенттердің кейбірінде, әсіресе егде жастағы адамдарда пневмонияға тән шағымдар мен физикалық белгілер болмауы мүмкін, интоксикация синдромы басым болатынын жеткізді. Яғни пневмонияның А типті түрі дене қызуы көтерілмей, қан көрсеткіштерінде айтарлықтай өзгеріс болмай, интоксикация салдарынан бас ауруы, бұлшықет немесе тамақ ауырып, құрғақ жөтелмен қатар жүреді.

– Егер уақытылы диагноз қойып, терапияны кешіктірмей бастаса, пневмония емделеді. Пневмония адамның денсаулығы мен өміріне, әсіресе осал санаттағы адамдарға әсер етуі мүмкін. Алдын алу және уақытылы медициналық көмекке жүгіну асқынулардың алдын алуға және өлім-жітім деңгейін төмендетуге ықпал етеді, – Аида Жәділді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың басынан 9 ай ішінде Қазақстанда 76 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Фото: freepik.com

 

 

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды