457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстаудағы 65 мектептің асханасы санитарлық талаптарға сай болмай шықты

Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша, Маңғыстау облысындағы мектеп асханаларын жаппай тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Malim.kz.

66 мектептің ас блогын тексеру қорытындысы бойынша, 65-нен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың көптеген өрескел бұзушылықтары анықталды, 18 млн теңгеден астам сомаға 57 айыппұл салынды, 60 ұйғарым беріліп, 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді, 1 материал сотқа берілді.

Өңірде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен мектептегі тамақтану сапасы мәселелері бойынша кеңес өтті.

Бұзушылықтардың негізгі себептері - санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың болмауы, құжатталмаған немесе мерзімі өткен өнім, санитарлық режимді сақтамау, ыстық судың болмауы, медициналық тексерусіз және денсаулықты күнделікті бақылаусыз қызметкерлердің жұмысы, анықталған бактерия тасымалдаушылар (дизентерия, стафилококк), ыдыс-аяқ пен мүкәммалды тиісінше өңдемеу-шайындылардың 7,2%-нан ішек бактериялары анықталды.

«Тексеру қорытындылары мектептегі тамақтануды ұйымдастырудың сапасы мен жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі мәселелерін тудырады. 459 мектеп оқушысы зардап шеккен Мұнайлы ауданында жаппай уланумен өткен жылғы тәжірибеге қарамастан, бұзушылықтар қайталануда, бұл мектеп әкімшіліктері мен білім беру органдарының балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне формалды қарауын білдіреді», - деп атап өтті бүгін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Роза Қожапова Маңғыстау облысының активі алдындағы кеңесте сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ тексеру барысында мектеп бракераждық комиссиялары тарапынан әлсіз бақылау, қызметкерлерді медициналық тексерусіз жіберу, тамақтану нысандарында білікті персоналдың болмауы атап өтілді, бұл топтық уланудың қайталанған жағдайларына әкеп соғады.

Балалардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында облыстың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне профилактикалық жұмысты күшейту, білім беру және тамақтану нысандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу сапасын жақсарту жөнінде тапсырмалар берілді. Білім басқармасына мектептегі ас блоктарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету, жүйелі негізде тамақтандыру қызметтерін берушіні конкурстық құжаттама талаптарының сақталуына тексеруді қамтамасыз ету, Бракераждық комиссиясының сапалы жұмысын қамтамасыз ету ұсынылды.

Бұрын хабарланғандай, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі. Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған.

Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі «СҚ-Фармация» ЖШС бірыңғай дистрибьюторының облыстық вакцина қоймасына барып, вакциналарды сақтау шарттарын, «суықтық тізбегінің» сақталуын, тасымалдау шарттарын, жабдықтардың болуын тексерді.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2024 жылдың наурыз айынан бастап 18 жасқа дейінгі балаларды қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (ҚҚП) қарсы иммундау көрсеткіші 83,9%-ды құрады.

Фото: istockphoto

Бұл туған күн емес, өлген күн - авиация маманы
Аналитика
|
09.06.2025 14:20
2025-06-09 14:20:00

Ең көп оқылған