Психикалық орталықтарда 300 мың қазақстандық есепте тұр

Алайда оларды емдейтін мамандар жетіспейді

Арман Қайыпхан

  • 20.02.2025

Елде психиатрлар, психологтар және әлеуметтік қызметкерлердің тапшылығы байқалады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айна Мусралимова мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Мусралимованың айтуынша, бұл сан халықтың 1,5 пайызына тең.

"Біз адам қалай емделетінін және не емдейтінін көруіміз керек. Стационарларда медициналық көмек қалай көрсетіледі? Медициналық-әлеуметтік оңалту бар ма? Бұл бағыт бастапқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінде қандай деңгейде?" – деді ол.

Депутат психиатрия саласындағы мамандар тапшылығына да назар аударды. Нормативтерге сәйкес, бір психиатр-наркологқа 20 мың адам, ал бір бала психиатрына, психотерапевтке, психологқа немесе әлеуметтік қызметкерге 60 мың адамнан келеді.

"Қазір республика бойынша 202 штат қана жұмыс істеп тұр, бұл 163 нақты маман деген сөз. Бірақ кадр тапшылығы өте үлкен, 368 маман жетпейді. Оның ішінде 83 психиатр дәрігер, 69 бала психиатры, 81 психотерапевт, 60 психолог және 75 әлеуметтік қызметкер жетіспейді. Бұл сандар төмендетіліп көрсетілген деп ойлаймын!" – деді Мусралимова.

Ол кадр тапшылығы мәселесіне назар аударып, халыққа психиатриялық көмек көрсетудің тәсілдерін қайта қарауға шақырды.

Сондай-ақ, депутат Қазақстанда психологиялық қызмет туралы заң жобасы әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Алайда құжаттың Парламентке қашан түсетіні әзірге белгісіз.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды