Қызылордада тісін емдеткен бала мүгедек болып қалды

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог жұлып тастаған

Malim Админ

  • 23.08.2024

Қызылорда қаласының тұрғыны стоматологиялық емханадан моральдық шығын мен материалдық шығын үшін 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндіріп алды. Бұл туралы Жоғары соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.


Белгілі болғандай, ол баласының тісі ауруына байланысты орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясына барған. Дәрігер баланың тісін жұлып тастаған.

"Емдеуден кейінгі келесі күні баланың жақ сүйегі ісініп, жалпы денсаулығы нашарлаған. Кейін балаға облыстық көпсалалы аурухананың жақ-бет бөлімшесінде "Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы" диагнозымен екі рет ота жасалған", - делінген хабарламада.

Арада алты ай өткенде баланың жағы  қайта ісіп, іріңді жарасы жазылмаған. Олар Алматы қаласында ақылы негізде хирургиялық араласу арқылы ауруханада емделуге мәжбүр болды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ананың шағымы бойынша жүргізілген емхананы тексеру қорытындысына сәйкес, емхана тіс дәрігері кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық диагностика және емдеу хаттамаларын сақтамаған.

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог жұлып тастаған, емдеу алдында жақ сүйегінің рентгенографиясы объективті тексерілмей, асқынулар - төменгі жақтың қабыну процесі болған.

Баланың анасы стоматологиялық емханадан өзіне келтірілген моральдық және материалдық шығынды өтеуді сұрап, сотқа жүгінген. Талап қоюда ол емхана медицина қызметкерінің салғырттығынан және алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеуінен ауру асқынып, бала 2 жылға жуық ұйықтай алмай, дәрігерлердің қорытындысы бойынша мүгедек болып қалғанын көрсеткен.

Сондай-ақ оларға ақылы негізде үш операция жасауға, тіс емдеуге және дәрігерлерден кеңес алуға мәжбүр болғаны атап өтілген.

Сот стоматологиялық емханадан моральдық шығын мен материалдық шығын үшін 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді.

Фото: aesthetica.ru

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

08.05.2025

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

22.04.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

Қазақстанда алғаш рет қашықтан басқарылатын робот арқылы ісік алып тастау отасы жасалды

Пойызда босанған әйел баласын терезеден лақтырып жіберген

Қызылорда - Астана бағытындағы пойызда әйел босанып, шақалақты терезеден лақтырып жіберген