Республика күні Түркістан облысында 122 нәресте өмірге келді

Ал еліміз бойынша 850 сәби өмір есігін ашқан

Мәди Саматұлы

  • 27.10.2024

Республика күні елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көшбасшы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, жалпы елімізде 850 сәби дүниеге келген. Олардың 434-і ұл, 416-сы қыз, сондай-ақ, 7 егіз бар.

Өңірлерге бөліп қарағанда, бір тәулікте Түркістан облысынан кейін екінші орында Астана қаласы тұр. Бір тәулікте қалада 89 отбасы балалы болған. Үшінші орында – Алматы қаласы, мұнда 88 сәби өмірге келген.

Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңес барлық жерде жұмыс істейді. Ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған, сондай-ақ, мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі, деп жазды министрлік.

Фото: egemen.kz

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

12.04.2025

«Қызым некесіз дүниеге келді». Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтты

08.04.2025

Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

04.04.2025

Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған

27.02.2025

«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

23.01.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Астанада сәби 15-қабаттың терезесінен құлап кетті

«Қызым некесіз дүниеге келді». Аида Кауменова жеке өмірі туралы айтты

Ол тұңғышын 27 жасында дүниеге әкелген.

Шавкат Рахмоновтың қарындасы ана атанды

Спортшы қыз тұңғышының есімін Жұлдыз деп қойған.

Өскеменде әйел сәбиін үйде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған

«Оттегімен демалды»: Роза Әлқожа немересін перзентханадан шығармай қойғанын айтты

Әншінің айтуынша, нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келген