Жарты жылда 900-ден астам адамға онкология диагнозы қойылды

Солтүстік Қазақстан облысы биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық аурудың таралуынан республикада екінші орынға шықты.
Бірінші орында – Қарағанды облысы, үшінші орында – Шығыс Қазақстан облысы тұр. Kazinform-ға берген сұхбатында облыстық онкологиялық орталық директоры Олег Дудякпен өңірдегі ахуал, аурушаңдық себебін атады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өңірде өкпе обыры өршіп тұр.
"6 айда 109 адам ауырды. Бұл барлық сырқаттанғандардың 12,5%, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10% өсті, былтыр 91 адам ауырған еді. Екінші орында колоректальды обыр келеді, 106 жағдай тіркелді, бұл -12,2% және үшінші орында 11,1% сүт безі обыры тұр. Жарты жылда 97 әйелге осы диагноз қойылды",-дейді ол.
Неліктен СҚО онкологиялық аурулар бойынша алғашқы үштіктен түспей келеді?
"Бұған бірнеше фактор әсер етеді: халықтың демографиялық құрылымында егде жастағылардың үлесі жоғары болуы, мысалы өңірдегі барлық тұрғындардың 18% - 65 жастан асқандар, экологиялық жағдайлар, сондай-ақ скрининг пен ерте диагностиканы белсенді насихаттау", деп түсіндіреді Олег Дудяк.
Фото: Gov.kz

Ең көп оқылған
