Жүрек шаншып ауырса, не істеу керек – кардиолог дәрігер кеңес береді

Жүрек аймағындағы шаншу көбіне психо-эмоционалды шамадан тыс жүктеу кезеңінде пайда болады.

Берік Дәулетов

  • 19.06.2024

Кардиолог дәрігерлер жүректің шаншуы жүрек ауруына байланысты болмауы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Жүректің шаншуы – бұл өте жиі кездесетін симптом, бірақ жүрек-қан тамырлары патологиясына ғана тән емес. Көбіне бұл жағдай жүйке жүйесінің бұзылуымен, тірек-қимылдың зақымдануымен, асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің ауруларында кездеседі, - дейді кардиолог дәрігер Екатерина Миронова.

Оның айтуынша, жүрек аймағындағы шаншу көбіне психо-эмоционалды шамадан тыс жүктеу кезеңінде пайда болады.

Жүрек кенет шаншыса, абдырамай жай ғана отырып немесе жатып демалу керек.  Оттегінің мол болуы маңызды. Ол үшін терезені ашып, белдікті шешіп, жейденің түймелерін ағытыңыз. Сондай-ақ, бірнеше минут ішінде сіз тыныс алуыңызға реттеп, мұрныңызбен баяу терең дем алып, содан кейін аузыңызбен баяу дем шығаруыңыз керек, - дейді ол.

Сондай-ақ шаншуды тоқтату үшін кез келген ауырсынуды басатын дәрілерді ішуге болады дейді дәрігер.

Мүмкіндігінше қысым мен импульсті тексеріңіз.

Егер сізде жоғары, әдеттен тыс төмен қан қысымы немесе жүрек соғу жиілігі болса, медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрі-дәрмектерді өздігінен қабылдау қауіпті болуы мүмкін, - деп ескертеді кардиолог.

Дәрігердің айтуынша, жүректің қалай ауырғаны да маңызды.

Жүрек аймағындағы ауырсынудың сипаты симптомды тудырған ауруға байланысты, - дейді маман.

Сондай-ақ асқазан мен өңештің ауруы кезінде де жүрек шаншиды.

Егер жүрек аймағында ауырсыну болса, әсіресе, симптомдар сізді үнемі мазалайтын болса, мүмкіндігінше тезірек маманға хабарласып, тексеруден өту керек. Сізге электрокардиография, жүректің ультрадыбыстық зерттеуі, кеуде қуысының рентгенографиясы, қан анализінен өту керек, - дейді Е. Миронова.

Фото: medaboutme.ru

Байланысты жаналықтар

Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

17.11.2024

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

15.11.2024

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

09.11.2024

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

29.10.2024

БҚО-да табылған киік өлекселері өңір тұрғындарын алаңдатып қойды

20.10.2024

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды

18.10.2024
MalimBlocks
Сабындыдағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Ал жарылыстан үш адам қаза тапқан

«Ұзақ ауырдым»: Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді

Тұрсынбаева осы жолы қатты ауырып жатқанын атап өтті

Ақтөбедегі тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы айтылды

Оларға жарақат пен термиялық күйіктер диагнозы қойылған

Елімізде жылына 40 мыңнан астам адам инсультке шалдығады

Бүгін – бүкіләлемдік инсультке қарсы күрес күні

БҚО-да табылған киік өлекселері өңір тұрғындарын алаңдатып қойды

Бірақ мамандар ауру емес, табтиғи өлім екенін айтады

"Энергетик іштім": Қатерлі ісікке шалдыққан Мұрат Бисембин бар сырын ақтарды