Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутаттар Тиктокті шектеуді ұсынды

Әлем
Депутаттар Тиктокті шектеуді ұсынды

Француз Ұлттық Жиналысының (парламент) депутаттары жасы 15-ке толмаған балаларға "цифрлық коменданттық сағат" енгізуді ұсынды.

Euronews арнасының хабарлауынша, парламенттік зерттеуде Тикток платформасы ерекше аталған. Есепхатта - ол желінің балаларға қауіпті контент ұсынатыны айтылып, өзіне қол жұмсауға итермелейді деген айып тағылған.

Желіні тергеу наурыз айында басталған. Парламенттік тергеу кезінде Тикток қолданушылары "алгоритмдік тұзаққа" түсетіні айтылған. Зерттеушілер ондай тұзақты жастарға қауіпті әрі зиянды деп танып отыр.

Тергеу комиссиясының төрағасы, Социалистік партияның өкілі Артур Делапорттың мәлімдеуінше - Тикток өзінің қылмыстары туралы біледі және аталмыш алгоритм қауіпті.

Артур Делапорт Тиктоктің қылмысына бұлтартпас айғақтар бар деп есептейді. Оның ойынша, Тикток өзінің қылмысы туралы біледі.

Былтырдың аяғында бірнеше отбасы Тикток желісін балаларды аздырды деп сотқа берген екен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу