Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр

Саясат
Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеп жатыр

Парламент Мәжілісінің қарауына жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған іліспе құжаттар түсті.


Депутаттар Президент Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режимдерін оңтайландыруға, салық жеңілдіктерін қайта қарауға және басқа да бастамаларды жүзеге асыруға тиіс.

"Бұл заң жобалары Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, Үкіметтің қаулыларымен 2024 жылғы 28 тамызда Мәжіліске енгізілген болатын. Салық кодексінің жобасы 822 баптан тұрады, сонымен қатар қолданыстағы Салық кодексі мен оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды", - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Татьяна Савельева палатаның жалпы отырысында.

Кодекс жобасында жекелеген салалардағы салық төлеушілер үшін корпоративті табыс салығының мөлшерлемесін саралау; қайта өңдеуді дамыту үшін салық шегерімдерін кеңейту және жаңғырту үшін табысты қайта инвестициялауды ынталандыру; салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің санын қысқарту; барлық арнаулы салық режимдерін оңтайландыру; салық жеңілдіктерін беру мониторингі мен талдау тәсілдерін қайта қарау; салық саласында әкімшілендіруді жетілдіруге ықпал ететін іс-шаралар секілді ұсыныстар қамтылған. 

Фото: egemen.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу