Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

Шоу-бизнес
Дженнифер Лопестің концертіне билеттер бірнеше сағатта сатылып кетті

Дженнифер Лопестің көптен күткен концертіне билеттер небәрі 4 сағат 30 минут ішінде түгел сатылып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Билеттер сағат 11:00-де сатылымға шығып, 15:30-да таусылған.

ticeton.kz сайтында қысқа ғана хабарлама пайда болды:

«Аншлаг! Барлық билеттер сатылып кетті! Билеттерді қайтару 30 маусымға дейін мүмкін. 1 шілдеден бастап қайтару қабылданбайды».

Концертке барғысы келген адамдардың саны орындардан 2,5 есе көп болған. Бұл елімізде әлемдік жұлдыздың алғаш рет өнер көрсетуімен байланысты және халық арасында зор қызығушылық туғызды.

Осыған байланысты әлеуметтік желілер мен интернетте билеттерді қайта сату ұсыныстары шыға бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Үкіметте Дженнифер Лопестің Астанаға келуінен елге қандай пайда түсетін айтқан еді.

Фото: instagram.com/jlo/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу