+20 градус: Наурызда ауа райы қандай болады

Арман Қайыпхан

  • 01.03.2025

Синоптиктердің болжамынша наурыз айында ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен алғашқы онкүндікте республикалық барлық өңірінде күн жылынады, оңтүстік аймақта ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалпы биыл наурызда күн райы әдеттегіден жылы болады деп болжанып отыр.

Бір айдағы орташа ауа температурасы Қазақстанның бүкіл аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын қалыпты нормадан көп жауады. Әсіресе, еліміздің оңтүстік-батыс, оңтүстік өңірлерінде нормадан асады, - деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер наурыздың алғашқы онкүндігінде күн жылынып, еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілетінін айтады. Алайда іле-шала күн күрт суытуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.

Екінші онкүндікте республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде -10-15 градустан -5+3 градусқа дейін, күндіз -2-13 градустан +2+10 градусқа дейін болмақ. Ал оңтүстік аймақтарда түнде -5+5 градустан +2+10 градусқа дейін, күндіз +3+8 градустан +10+20 градусқа дейін болады.

Үшінші онкүндікте Қазақстанның басым аумағында жылы ауа райы сақталады.

Жалпы, мамандар ай көлемінде ауа райы құбылмалы болады деп болжам жасап отыр.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

16.05.2025

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

15.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

11.05.2025

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Аптап ыстық: 16 мамырға арналған ауа райы болжамы

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Алдағы үш күнде 44 градусқа дейін ыстық болады

Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі

Алдағы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауады

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды