20 мамырдағы ауа райы болжамы

20 мамырда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын антициклон анықтап, жауын-шашынсыз күн күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Алайда еліміздің батысы мен солтүстік-батысында циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен найзағайлы жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл, ал орталық пен шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Гидрометорталық жоғары және төтенше өрт қаупі бар аймақтарды да атады:
Жоғары өрт қауіптілігі болжанады:
Маңғыстау облысының батысында,
Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде,
Қарағанды облысының шығысында,
Қостанай, Түркістан, Павлодар облыстарында,
Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстігінде,
Атырау облысының батысы мен солтүстік-шығысында,
Алматы облысының батысы мен орталығында,
Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында,
Ұлытау облысының солтүстігінде.
Төтенше өрт қауіптілігі күтіледі:
Қызылорда облысында,
Түркістан облысының солтүстігі мен шөлді аймақтарында,
Жамбыл облысының батысы мен шығысында,
Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында,
Атырау облысының оңтүстігінде,
Шығыс Қазақстан, Алматы облысының солтүстігінде,
Ақмола облысының батысында,
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде,
Жетісу облысының оңтүстік-шығысында,
Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде,
Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы және орталығында.
Фото: pixabay.com