Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Арман Қайыпхан

  • 06.01.2025

Синоптиктер 7, 8 және 9 қаңтарға ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

7 қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын ылғал қоры мол оңтүстік-каспийлік циклон анықтайды. Осыған байланысты елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында қар, боран, кей жерлерде қатты қар жауады деп күтіледі.

Ал республиканың оңтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, Түркістан облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанған.

8 қаңтарда батыс антициклонының ықпалымен суық ауа массаларының енуі күтіледі, бұл температураның күрт төмендеуіне әкеледі: республиканың солтүстік бөлігінде түнде 15-25 градусқа дейін, оңтүстігінде 5-15 градусқа дейін, Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында 20-25 градусқа дейін аяз болады.

9 қаңтарда күндіз ауа температурасы қайтадан жоғарылайды: республиканың солтүстік бөлігінде 0-5 градус аяз, оңтүстігінде 0-5 градус жылы болады, – деп хабарлады синоптиктер.

Фото: www.istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

14.04.2025

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

13.04.2025

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

11.04.2025

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

10.04.2025

Алматылықтарға ескерту жасалды

10.04.2025

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды

08.04.2025
MalimBlocks
Үсік жүреді: Екі күнге арналған ауа райы болжамы

Жел, найзағай мен бұршақ: Қазақстанның кей өңірінде ескерту жасалды

"Қазгидромет" 14 сәуірде еліміздің көп өңірінде дауылды ескерту жариялады

Аяз, бұршақ, жаңбыр: демалыс күндеру ауа райы қандай болады

Найзағай ойнап, дауыл тұрады: ауа райы болжамы

Алматылықтарға ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы мен еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,

Ауа райына байланысты ел бойынша ескерту жасалды