Алдағы жарты жыл ауа райы қандай болады?

Арман Қайыпхан

  • 16.10.2024

Синоптиктер күздің соңғы айларында, қыста және көктемнің алғашқы айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қараша - қыс алдындағы алғашқы ай. Жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі, қар аралас жауын-шашын, оңтүстік-батыс, оңтүстік аймақтарда да қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Қатты жел, бұрқасын, көктайғақ және тұман бір ай бойы күтіледі.

Аязды ауа райы айдың екінші жартысында болжанады. Суық ауа массалары енген кезде термометрлердің бағандары ең суық күндерде төмендейді:

республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта -15-24°С дейін, күндіз -7-12°С дейін;

батыста және елдің оңтүстік жартысында түнде -3-15°С дейін, күндіз  0,-7°С дейін.

Суық күндердің орнына Орта Азия мен Жерорта теңізінен жылы ауа массаларының келуі әсерінен күндіз жылынады:

республиканың көп бөлігінде +3+8°С дейін;

оңтүстік жартысында +8+15°С дейін.

Жалпы, қарашада ауа температурасы республиканың басым бөлігінде норма шамасында (нормалар қосымшада келтірілген), қиыр батыста – 1° нормадан жоғары, елдің оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – 1° нормадан төмен болады деп күтіліп отыр (Түркістан, Жетісу облысы, Шығыс Қазақстан, Абай облысында, Жамбыл және Алматы облыстарының оңтүстігінде).

Қараша айында жауын-шашын мөлшері Қазақстан аумағының басым бөлігінде норма шамасында, солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс жартысында нормадан көп (Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, Атырау және Ақтөбе облыстарының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының шығысында, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының қиыр солтүстігінде), елдің оңтүстік өңірлерінде - нормадан аз болуы болжанады (елдің оңтүстігінің жартысында және Қарағанды мен Ұлытау облысының қиыр оңтүстігінде).

Қыста ауа райы

Консультативтік болжамға сәйкес, қыста температура режимі климаттық норма шегінде болжанады, жауын-шашын көпжылдық нормадан асады. Алайда жауын-шашынның тоқтауымен және температураның аномальді төмен фонымен (солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 30-45 градус аяз, елдің батысы мен оңтүстігінде 25-35 градус аяз) сипатталатын кезеңдер ықтималдығы жоққа шығарылмайды.

Қыстың алғашқы екі айы желтоқсан және қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында деп болжанады, тек қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында нормадан 1°С жоғары болады деп күтіліп отыр (Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-батысында).

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері:

республиканың басым бөлігіндегі нормадан көп деп болжанып отыр;

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау облыстарында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды және Жамбыл облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында күтіледі;

Маңғыстау облысында, Атырау облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болжанып отыр.

Қаңтар айында жауын-шашын мөлшері:

республиканың басым бөлігінде норма шамасында болады деп күтіліп отыр;

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының батысының жартысында нормадан көп күтіледі;

Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде нормадан аз болжанып отыр.

Ақпан айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары, еліміздің солтүстік аймақтарында норма шамасында болжанады. Белсенді циклондар әсерінен жауын-шашын еліміздің көптеген аймақтарында нормадан асып түседі, жауын-шашын республиканың оңтүстік-батыс жартысында климаттық норма шегінде болжанады.
 

Наурыз айының ауа райы

Наурыз – қыс пен көктем арасындағы өтпелі кезең, жылы күндерден кейін аяз бен қалың қар қайталануы мүмкін.

Алдын ала болжам бойынша наурыз айында температура еліміздің басым бөлігінде нормадан 1° жоғары, республиканың оңтүстік-шығыс жартысында норма шамасында болады деп күтіліп отыр.

Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан көп, Қызылорда, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Қостанай, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, Маңғыстау, Алматы облыстарының солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында норма шамасында, Маңғыстау облысының басым бөлігінде нормадан аз күтіледі.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

20-қарашаға арналған ауа райы болжамы

19.11.2024

Қар және бұрқасын: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

15.11.2024

Ауа райының бұзылуынан бірнеше республикалық жолға шектеу қойылады

09.11.2024

Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

08.11.2024

Астанада оқушылар қашықтан оқитын болды

07.11.2024

1 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

01.11.2024
MalimBlocks
20-қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қар және бұрқасын: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Ауа райының бұзылуынан бірнеше республикалық жолға шектеу қойылады

Шектеулер Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстары аумағын қамтиды

Қар, боран, көктайғақ: Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Астанада оқушылар қашықтан оқитын болды

1 қарашада ауа райына байланысты ескерту жарияланды