457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Аптап ыстыққа байланысты ескерту жариялады

Қазақстанның 16 облысында 2 шілдеде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлытау облысында күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп болжанады. 

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 2 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысыныңшығысында найзағай ойнап, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 2 шілдеде түнде және таңертен тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстік- шығысында, таулы аудандарында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 2 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні - 15-20 м/с. 2-4 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Талдықорғанда 3-4 шілдеде күндіз 35-39 градус қатты ыстық  болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.  Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Өскеменде2 шілдеде таңертең және күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнап, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Павлодарда 2 шілдеде күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 2 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Батыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 2 шілдеде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.

Фото: unsplash