Бесқарағай ауданындағы орман өрті толық сөндірілді

Алдын ала болжам бойынша өрт 1200 гектар аумақты шарпыған

Malim Админ

  • 05.04.2025

Бесқарағай ауданындағы «Семей орманы» табиғи резерватының Морозов филиалы аумағындағы орман өрті бүгін, сағат 8.00-де оқшауланды. Қазіргі таңда оқшауланған өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Абай облысы әкімдігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.  


Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық Полиция департаменті, «Семей орманы» мен «Ертіс орманы» мекемелерінің қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдар жағдайды әлі де бақылауда ұстап отыр. 

Қарағанды облысы мен Астана қаласынан қосымша күштер мен техника көмекке келді.
Алдын ала болжам бойынша өрт 1200 гектар аумақты шарпыған. Оның 800 гектары дала, 400 гектары – орман алқабы.    

Абай облысының әкімі Берік Уәли Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен бірге бүгін таңертең өрттен зардап шеккен Морозов филиалының Соснов орманшылығына тікұшақпен әуеден бақылау жүргізді. 

Тікұшақпен өртенген аумақтарды мұқият қарап шықтық. Өрттің толық тоқтатылғанына көз жеткізіп, елді мекендерге, тұрғындарға қауіпсіз болуын бақылауда ұстаймыз,- деді аймақ басшысы. 

Өртті сөндіру жұмыстарына 419 адам, 140-қа жуық техника жұмылдырылды.
Еске салайық, кеше түстен кейін Бесқарағай ауданының Қоянбай ауылының шетінде құрғақ шөп жанып, қатты желдің екпінімен қызыл жалын «Семей орманы» Морозов филиалы аумағына таралған болатын.

Фото: Абай облысының әкімдігі

Байланысты жаналықтар

Семейде соққыға жығылған Әлинұрдың оқиғасынан кейін Берік Уәли қатаң шешім қабылдады

16.03.2025

Берік Уәли Абай облысының әкімі болды

17.02.2025

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

01.11.2024

Президентпен кездесуге келген спортшылардан коронавирус анықталды

15.08.2024

Тоқаев Алматыға келді

12.01.2022

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

08.04.2021
MalimBlocks
Семейде соққыға жығылған Әлинұрдың оқиғасынан кейін Берік Уәли қатаң шешім қабылдады

Берік Уәли Абай облысының әкімі болды

Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Президентпен кездесуге келген спортшылардан коронавирус анықталды

Бұл туралы президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты

Тоқаев Алматыға келді

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті