Биыл жазда «Бурабайда» жарты миллионға жуық адам саяхаттады
Мемлекеттік ұлттық парк жазғы маусымды қорытындылады
Биыл 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Бурабайға 450 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға артық, деп хабарлайды Malim.kz.
Жазғы туристік маусымды қорытындылаған «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің дирекциясының мәлімдеуінше, жыл басынан бергі 8 айда Ұлттық парк 650 мыңнан астам қонақты қабылдаған. Былтыр осындай кезеңде 550,7 мың болған еді.
Инфрақұрылымды дамыту және экскурсиялық бағдарламаларды кеңейту Қазақстаннан ғана емес, шетелден де демалушыларды тартады. Жазда саябаққа 8 мыңнан астам шетелдік турист келді. Қонақтардың географиясы бойынша ТОП-5 ел қатарында Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Германия және Қытай бар. АҚШ азаматтары қызығушылық танытып отыр, дейді «Бурабай» МҰТП директорының даму жөніндегі орынбасары Венера Нұғыманова.
Оның сөзінше, саябақ экологиялық туризмді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жайлы демалу үшін жағдайларды белсенді дамытып келеді. Аймақтың табиғатымен жақынырақ танысуға көмектесетін экологиялық соқпақтар мен туристік маршруттар арқылы осы жазда 9 мыңнан астам адам жүріп өткен.
Фото: instagram/parkburabay