Полицейлерді соққандар бірнеше жылға сотталып кетті

Арман Қайыпхан

  • 29.04.2025

Ақмола облысының Бурабай ауданында полиция қызметкерін соққыға жыққан ағайындылар сотталып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық соттың мәліметіне жүгінсек, билік өкіліне, оның қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты, зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық іс (ҚК-нің 380-бабының 4-бөлігі) қаралды.

«Полиция инспекторы патруль кезегін жүзеге асыру барысында, Е.-нің автокөлігін тоқтатып, құжаттарды ұсынуды сұраған. Е. құжатын беруден бас тартып, өзіне қатысты деректерді өзгертіп көрсеткен.

Жүргізуші Е.-нің шын деректерін анықтау барысында, оның көлік құралын басқару құқығынан айыру фактісі анықталды. Осыған байланысты инспектор хаттама толтыруға кіріскен. Алайда, Е. мен оның шақыруы бойынша келген ағасы О. инспектордың «мәселені сол жерде шешу» өтініштерінен бас тартуына агрессивті әрекет білдіріп, инспектордың бетінен жұдырықпен бірнеше рет соққы берген, содан кейін оқиға орнынан кетіп қалған», - делінген облыстық соттың хабарламасында.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, қызметкердің денсаулығына жеңіл зиян келтірумен, мидың шайқалуы түріндегі дене жарақаты анықталды.

Сот үкімімен оларға пробациялық бақылау белгіленіп, әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды