Найзағай, бұршақ, дауыл: 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер ертең, 25 мамырда Шымкентте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 16 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ: 25 мамырда жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысында таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шөлді және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қарағанды облысының батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 16 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 25-27 мамырда облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Фото: pixabay.com