457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

"Жаңбыр, бұршақ және жел": Демалыста ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, кезеңнің басында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр күтіледі.

«19 шілдеде солтүстікте, орталықта, 20 шілдеде республиканың шығысында – қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Кезеңнің соңында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс антициклоны жылжып, ол жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауылмен бірге жүреді. Түнгі және таңғы уақытта солтүстік-батыста және солтүстікте тұман болжанады.

Алдағы күндері батыста және оңтүстік-батыста өте қатты ыстық 43°С дейін, солтүстік-батыста және шығыста – 40°С, оңтүстік-шығыста – 42°С дейін күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

Фото: istockphoto.com