Жаңбыр, найзағай, жел: бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты

Қазгидромет 8 сәуірге арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Астана
Елордада ауа райы құбылмалы болады, кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы болады.
Алматы
Мегаполисте де ауа райы құбылмалы болады. Түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 3-8 м/с, түнде екпіні 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Шымкент
Қалада ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 24-26 градус жылы болады.
Фото: Pixabay.com